Наурыздың құрметіне Р.Рымбаева павлодарлықтарға тегін концерт береді

23 Наурыз 2013, 13:23

Павлодардың басты алаңындағы ашық сахнада көктемгі мерекені тойлап жатқан қала тұрғындарымен бірге Роза Рымбаева ән шырқады. Павлодарлықтарды құттықтаған облыс әкімі Ерлан Арын Қазақстан халқын біріктіретін бұл жарқын мейрам әр үйге жақсы көңіл күймен, ізгі үміттермен және берекелі дастарқанмен кіруін тіледі. Павлодарда Наурыз «Игілік басы - ынтымақ» театрландырылған көріністен басталды. Орталық көшелерге тігілген 120 киіз үй қонақтарды шақырып, Наурыз көжеден және бауырсақтан дәм татқызды. Бұл көктемде мерекенің дайындық жұмыстарына жастар бірлестіктері белсенді атсалысты, олар Жасөспірімдер үйлерінен қонақтарды күту үшін бес ақ киіз үй орнатты. Орталықта балалар қалашығы бой көтерді, онда балдырғандар алтыбақан теуіп, ойындар мен байқауларға қатысты. Наурыз Павлодардың шағынаудандарында да тойланды, жастар ЖОО-лардың алаңдарында көңіл көтерді. Кешке қалалық Мәдениет сарайында ҚР халық әртісі Роза Рымбаева мен ҚР еңбегі сіңген әртісі Айгүл Үлкенбаева концерттер береді. Кіру - тегін. BAQ.kz

Павлодардың басты алаңындағы ашық сахнада көктемгі мерекені тойлап жатқан қала тұрғындарымен бірге Роза Рымбаева ән шырқады.

Павлодарлықтарды құттықтаған облыс әкімі Ерлан Арын Қазақстан халқын біріктіретін бұл жарқын мейрам әр үйге жақсы көңіл күймен, ізгі үміттермен және берекелі дастарқанмен кіруін тіледі.

Павлодарда Наурыз «Игілік басы - ынтымақ» театрландырылған көріністен басталды. Орталық көшелерге тігілген 120 киіз үй қонақтарды шақырып, Наурыз көжеден және бауырсақтан дәм татқызды.

Бұл көктемде мерекенің дайындық жұмыстарына жастар бірлестіктері белсенді атсалысты, олар Жасөспірімдер үйлерінен қонақтарды күту үшін бес ақ киіз үй орнатты. Орталықта балалар қалашығы бой көтерді, онда балдырғандар алтыбақан теуіп, ойындар мен байқауларға қатысты.

Наурыз Павлодардың шағынаудандарында да тойланды, жастар ЖОО-лардың алаңдарында көңіл көтерді.

Кешке қалалық Мәдениет сарайында ҚР халық әртісі Роза Рымбаева мен ҚР еңбегі сіңген әртісі Айгүл Үлкенбаева концерттер береді. Кіру - тегін.

BAQ.kz

Бөлісу: