Бүгін «Аймақтар аламаны» сайысының жеңімпазы анықталады (видео)

21 Наурыз 2013, 14:04

«Хабар» телеарнасының «Аймақтар аламаны» мәдени сайысы өз мәресіне жетті. Додада Астана мен Алматы қалаларынан басқа 14 облыстан келген сайыскерлер бақ сынады. Бағдарламаның басты мақсаты – еліміздің барлық аймағындағы дарынды адамдарды қолдау мен халқымыздың патриоттық рухын көтеру. Жарыс ән айту, би билеу, дарындар сайысы мен қазақша күрес сияқты 4 номинация бойынша өтті. Ринат КЕРТАЕВ, «Аймақтар аламаны» бағдарламасының продюсері: - «Ел іші – өнер кеніші». Түрлі аймақтарда, өңірлерде, ауыл-аудандарда жүрген азаматтар, талантты жастардың басын қосып, заманауи үлкен шоу жасадық. Осыған дейін әртүрлі продюсерлік орталықтар, компаниялар негізінен шетелдік дайын пакеттерді, форматтарды әкеліп, жергілікті жағдайға ыңғайлап бағдарламалар жасап жүрсе, ал «Аймақтар аламаны» бағдарламасы арқылы қазақи жергілікті өнім жасадық. Бұл үлкен өндірістік процесс. Осындай шоу, бағдарлама жасай алатынымызға көзіміз жетті. 14  топ ішінен ақтық сынға Павлодар және Маңғыстау облыстарының сайыскерлері шықты. Жоба жеңімпаздарының есімдері бүгін белгілі болады. Аталған бағдарламаны бүгін 21:30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

«Хабар» телеарнасының «Аймақтар аламаны» мәдени сайысы өз мәресіне жетті.

Додада Астана мен Алматы қалаларынан басқа 14 облыстан келген сайыскерлер бақ сынады. Бағдарламаның басты мақсаты – еліміздің барлық аймағындағы дарынды адамдарды қолдау мен халқымыздың патриоттық рухын көтеру. Жарыс ән айту, би билеу, дарындар сайысы мен қазақша күрес сияқты 4 номинация бойынша өтті.

Ринат КЕРТАЕВ, «Аймақтар аламаны» бағдарламасының продюсері:

- «Ел іші – өнер кеніші». Түрлі аймақтарда, өңірлерде, ауыл-аудандарда жүрген азаматтар, талантты жастардың басын қосып, заманауи үлкен шоу жасадық. Осыған дейін әртүрлі продюсерлік орталықтар, компаниялар негізінен шетелдік дайын пакеттерді, форматтарды әкеліп, жергілікті жағдайға ыңғайлап бағдарламалар жасап жүрсе, ал «Аймақтар аламаны» бағдарламасы арқылы қазақи жергілікті өнім жасадық. Бұл үлкен өндірістік процесс. Осындай шоу, бағдарлама жасай алатынымызға көзіміз жетті.

14  топ ішінен ақтық сынға Павлодар және Маңғыстау облыстарының сайыскерлері шықты. Жоба жеңімпаздарының есімдері бүгін белгілі болады. Аталған бағдарламаны бүгін 21:30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Бөлісу: