Балалар мен жасөспірімдер көркем гимнастикадан жарысты (видео)

21 Наурыз 2013, 14:01

Қарағанды қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер және балалар арасындағы Қазақстан Кубогі өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 220 спортшы қатысқан болатын. Олар 2 жас деңгейі бойынша командалық және жекелей сындарда өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Астана қаласының спортшылары үздік атанды. Екінші орында алматылық жас гимнастшылар болса, Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы үштікті түйіндеді. Ал жекелей сындарда астаналық Әлия Асымова мен қарағандылық Мадина Нұрғалилар жеңімпаз атанды. Көркем гимнастикадан ересектер арасындағы негізгі ел чемпионаты сәуір айында Астанада өтеді. Авторлар: Аслан Қаженов, Айнұр Абдиева  

Қарағанды қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер және балалар арасындағы Қазақстан Кубогі өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 220 спортшы қатысқан болатын. Олар 2 жас деңгейі бойынша командалық және жекелей сындарда өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Астана қаласының спортшылары үздік атанды. Екінші орында алматылық жас гимнастшылар болса, Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы үштікті түйіндеді. Ал жекелей сындарда астаналық Әлия Асымова мен қарағандылық Мадина Нұрғалилар жеңімпаз атанды. Көркем гимнастикадан ересектер арасындағы негізгі ел чемпионаты сәуір айында Астанада өтеді.

Авторлар: Аслан Қаженов, Айнұр Абдиева

 

Бөлісу: