Ішіп-жемнен бөлек, оттек регенерациясы жүйесіне қатысты жаңа блок және биотехнологиялық сынақтарға керек құрылғылар алып барылған.
Сый-сыяпаттардың қатарында шыбын-дрозофилалар мен бактериялар, саңырауқұлақтардың болуы экипаж мүшелерін таң-ташама қалдырған. Алдағы уақытта аталған тіршілік иелерінің ғарыштық ортадағы өмірлері басты нысанға алынбақ екен.