Астананың халыққа қызмет көрсету орталықтары мен сауда орындары «Армысың, Әз Наурыз!» ба

20 Наурыз 2013, 12:44

Астананың халыққа қызмет көрсету орталықтары мен сауда орындары «Армысың, Әз Наурыз!» байқауына қатысады. Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасынан хабарлады. «Армысың, Әз Наурыз!» қалалық байқауы елордада жыл сайын дәстүрлі түрде наурыздың 15-20 аралығында өткізіліп келеді. Байқауға дәстүр бойынша мемлекеттік мекемелердің, кәсіби мектептердің, жоғары оқу орындарының, колледждердің, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен үлкен сауда орталықтарының өкілдері қатысады. Байқауға қатысушылар қазылар алқасының назарына театрландырылған қойылымдар ұсынады, ұлттық дәстүрлер мен киімдерді көрсетеді және ұлттық тағамдар дайындайды. Қазылар алқасы қатысушыларды қойылымдарының сапасы, сахнаны рәсімдеуі, байқауға қатысушылардың саны бойынша бағалайды. Байқау қорытындысы мерекеден кейін шығарылады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі. «Биылғы жылы байқауға қатысуға көп адам ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында мемлекеттік компаниялар ғана емес, сонымен бірге коммерциялық құрылымдар да бар», - дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешев. Өткен жылы байқауға 95 өтінім түссе, биыл 130-ға жетті. Мереке күндері Астанада 130-ға тарта іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әр ауданда киіз үйлер тігіліп, қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көрсетіледі, бауырсақ, палау және Наурыз-көже беріледі.  Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Астананың халыққа қызмет көрсету орталықтары мен сауда орындары «Армысың, Әз Наурыз!» байқауына қатысады. Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасынан хабарлады.

«Армысың, Әз Наурыз!» қалалық байқауы елордада жыл сайын дәстүрлі түрде наурыздың 15-20 аралығында өткізіліп келеді.

Байқауға дәстүр бойынша мемлекеттік мекемелердің, кәсіби мектептердің, жоғары оқу орындарының, колледждердің, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен үлкен сауда орталықтарының өкілдері қатысады.

Байқауға қатысушылар қазылар алқасының назарына театрландырылған қойылымдар ұсынады, ұлттық дәстүрлер мен киімдерді көрсетеді және ұлттық тағамдар дайындайды. Қазылар алқасы қатысушыларды қойылымдарының сапасы, сахнаны рәсімдеуі, байқауға қатысушылардың саны бойынша бағалайды.

Байқау қорытындысы мерекеден кейін шығарылады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі.

«Биылғы жылы байқауға қатысуға көп адам ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында мемлекеттік компаниялар ғана емес, сонымен бірге коммерциялық құрылымдар да бар», - дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешев.

Өткен жылы байқауға 95 өтінім түссе, биыл 130-ға жетті. Мереке күндері Астанада 130-ға тарта іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әр ауданда киіз үйлер тігіліп, қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көрсетіледі, бауырсақ, палау және Наурыз-көже беріледі.

 Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: