Адамзатты құтқаратын жеті жайт анықталды

20 Наурыз 2013, 08:32

Американың кардиология қауымдастығы қатерлі ауруларға тосқауыл қоятын жеті факторды анықтады. Бұл жайттар онколо­­гия­лық кеселдердің қаупін 51%-ға төмендететін болып шықты.  «РИА Новостидің» хабарлауынша, сарапшылар анықтаған жеті кеңес мыналар: 1) дене шынықтыру; 2) салмақты реттеу; 3) дұрыс тамақтану; 4) ағзадағы холестерин деңгейін бақылау; 5) қан қысымын бақылау; 6) қан құрамындағы қант мөлшерін асырмау; 7) шылымнан бас тарту. Мамандардың айтуынша, бұл кеңестер – жүрек-қан тамырлары және қатерлі ісік ауруларынан сақтанудың бірден-бір кепілі. Кеңестердің бәрін орындаған адамды өлім-жітім өзге науқастарға қарағанда 51%-ға аз төңіректейді. Аталған факторлардың төртеуін ұстану қатерлі ісік қаупін 33%-ға, ал бір-екеуін ғана ұстану 21%-ға төмендетеді. «Өмірді жақсарту үшін ештен кеш жақсы. Сол себепті ең болмағанда темекі тартуды доғарып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің дамуын тежеуге болады», – дейді чикаголық дәрігер Лаура Расмусен-Торвик.  Алаш айнасы

Американың кардиология қауымдастығы қатерлі ауруларға тосқауыл қоятын жеті факторды анықтады. Бұл жайттар онколо­­гия­лық кеселдердің қаупін 51%-ға төмендететін болып шықты. 

«РИА Новостидің» хабарлауынша, сарапшылар анықтаған жеті кеңес мыналар: 1) дене шынықтыру; 2) салмақты реттеу; 3) дұрыс тамақтану; 4) ағзадағы холестерин деңгейін бақылау; 5) қан қысымын бақылау; 6) қан құрамындағы қант мөлшерін асырмау; 7) шылымнан бас тарту. Мамандардың айтуынша, бұл кеңестер – жүрек-қан тамырлары және қатерлі ісік ауруларынан сақтанудың бірден-бір кепілі. Кеңестердің бәрін орындаған адамды өлім-жітім өзге науқастарға қарағанда 51%-ға аз төңіректейді. Аталған факторлардың төртеуін ұстану қатерлі ісік қаупін 33%-ға, ал бір-екеуін ғана ұстану 21%-ға төмендетеді. «Өмірді жақсарту үшін ештен кеш жақсы. Сол себепті ең болмағанда темекі тартуды доғарып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің дамуын тежеуге болады», – дейді чикаголық дәрігер Лаура Расмусен-Торвик. 

Алаш айнасы

Бөлісу: