Ертең түс кезінде күн мен түн теңеледі!

19 Наурыз 2013, 12:19

Биыл күн мен түннің теңелер сәті наурыздың 20-сы, яғни ертеңге сай келіп отыр. Астрономиялық көктем Астана уақыты бойынша сағат 13.02-де туады. Бүкіләлемдік үйлестірілген уақыт (UTC) стандарты сайтының мәліметінше, биыл күн мен түннің көктемгі теңелуі біздің күнтізбемізде наурыздың 20-сына, ал күннің ұзарып барып тоқырауы маусымның 21-іне сай келіп отыр. Күн мен түннің теңелуі - астрономиялық көктемнің тууы. Астрономдардың тілімен айтар болсақ, бұл кезде Күннің орталығы өз қозғалысы барысында Жер экваторын кесіп өтеді. Ғылымда көктем туатын мезгілді түрліше шамалау әдісі қалыптасқан. Айталық, тәуліктің орташа температурасы Цельсий бойынша 0 градустан асқанда климаттық көктем басталады делінеді. Ал қар ери бастағанда фенологиялық көктем туып, содан итмұрын гүлдейтін кезеңге дейін жалғасады. Көктемді сүйір жапырақты үйеңкінің шырын беретін сәтінен бастау амалы да бар. Бірақ Күн қозғалысына негізделген есеп бойынша нағыз көктем осы - күн мен түннің теңелу сәті. Дана халқымыз бұл уақытты жылдың басы деп есептеп, осы кезеңде ұлан-асыр той жасаған. Жолдаған: Болатбек Мұхтаров http://massaget.kz

Биыл күн мен түннің теңелер сәті наурыздың 20-сы, яғни ертеңге сай келіп отыр. Астрономиялық көктем Астана уақыты бойынша сағат 13.02-де туады.
Бүкіләлемдік үйлестірілген уақыт (UTC) стандарты сайтының мәліметінше, биыл күн мен түннің көктемгі теңелуі біздің күнтізбемізде наурыздың 20-сына, ал күннің ұзарып барып тоқырауы маусымның 21-іне сай келіп отыр. Күн мен түннің теңелуі - астрономиялық көктемнің тууы. Астрономдардың тілімен айтар болсақ, бұл кезде Күннің орталығы өз қозғалысы барысында Жер экваторын кесіп өтеді. Ғылымда көктем туатын мезгілді түрліше шамалау әдісі қалыптасқан. Айталық, тәуліктің орташа температурасы Цельсий бойынша 0 градустан асқанда климаттық көктем басталады делінеді. Ал қар ери бастағанда фенологиялық көктем туып, содан итмұрын гүлдейтін кезеңге дейін жалғасады. Көктемді сүйір жапырақты үйеңкінің шырын беретін сәтінен бастау амалы да бар. Бірақ Күн қозғалысына негізделген есеп бойынша нағыз көктем осы - күн мен түннің теңелу сәті. Дана халқымыз бұл уақытты жылдың басы деп есептеп, осы кезеңде ұлан-асыр той жасаған.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

http://massaget.kz

Бөлісу: