19 Наурыз 2013, 09:58
Жарқайың ауданы - Ақмола облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1955 жылы құрылған. Жері 12,0 мың шаршы шақырым. Жер бедері ұсақ шоқылы, төбелі-белесті көлдік-аллювийлік жазық, абсолютті биіктігі 100 - 500 м. Климаты тым континенттік. Қысы суық, қары аз (20 см). Ал, жазы - ыстық әрі құрғақ. Ауданда 6 ауылдық округ бар. Баранкөл ауылдық округі
Бірсуат ауылдық округі
Гастелло ауылдық округі
Далабай ауылдық округі
Жаңадала ауылдық округі
Западный ауылдық округі
Барлық ауылдарында тарихи мұражайлар, нышандар бар. Олардың барлығы тарихи мұра болғандықтан, осы күнге дейін сақталып келді. Бүгінде «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесі өз қарауына алып отыр.
Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Тасөткел, акимат алаңында. Тікбұрышты тұғырда автоматы қолына жауынгер мүсіні орнатылған. Ескерткіштің екі жағында сталла орнатылған. Тікбұрышты біріккен композиция екі сатылы баспалдақта орнатылған. Материал-бетон, Мүсін - күміс сырымен сырланған. Авторы белгісіз.
Ақмола облысы, Жаркайын ауданы, Баранкул ауылы, мектеп территория аумағында. Жауынгер мүсіні каскада тұғырдың ең жоғарғы жағында орналасқан. Тас тұғыр мәрмәр тақтайшалармен қапталған, мүсін бетонан жасалынып күміс сырымен жылтыратылған. Территория аумағы темір қоршаулармен қоршалған. Биіктігі 2,2м.
Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Баранкөл ауылы, мектеп территория аумағында. Материалы- кірпіштен, Обилискіде 2 мәрмәр тақтайшасымен орнатылып қаза болған жерлестердің есімдері жазылған. Биіктігі 1,7м.
Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Львов а., мәдениет үй аумағында. Стела түрінде мәрмәр қабырғасымен жасалынған. Бетонан жасалынып, мәрмәр тақтайшаларымен қапталған. Мәрмәр тақтайшада бес жұлдызды жұлдызша мен «1941-1945» жазу жазылған. Мемориалдық тақтада қаза болған жерлестердің есімдері жазылған. Тас тұғыр үш сатылы баспалдақта орнатылған. Территория аумағы абаттандырылған, темір қоршауларымен қоршалған. Биіктігі 3 м. Автор Державинск қ. сәулетші В.Васьянов
Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Тассуат ауылы, саябақта. Обилиск стелла түрінде жасалынған, екі сатылы баспалдақта орнатылған. Стелланың жоғарғы жағында Ұлы отан соғысының ордені, ал астынғы жағында мәрмәр плиталарда- қаза болған жерлестердің есімдері жазылған. Материал - мәрмәр ұнтағынан, цемент. Биіктігі 2,5м. Авторы- Державинск қаласынан архитектор Васьянов В. Территория аумағы темір қоршаулармен қоршалған.