Қызылорда облысында 56 жастар ҮЕҰ тіркелген

19 Наурыз 2013, 06:13

Қызылорда облысында 56 жастар ҮЕҰ тіркелген. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма төрағасы Жандос Базартай мәлімдеп отыр.   «Аймақта 14-29 жас аралығындағы 204 мыңнан астам жас азаматтар өмір сүреді. Олар халықтың 28,6 пайызын құрайды. Жастар «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан студенттері альянсы», «Қызылорда жастары» қауымдастығы, «Самрұқ» ҚҚ сынды ұйым жұмыстарына белсене атсалысып, «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар Отанға» атты бағдарламаларға қатысып отыр. Қызылорда облысында 56 жастар бірлестігі тіркелгенімен, оның 29 ғана белсенді жұмыс жасап келеді. Біздің бүгінгі басты мақсатымыз – жұмысқа оқшау ҮЕҰ тарту»,-деді ол. «2013 жылы жастар саясатын дамытуға облыстық бюджеттен 79,5 млн теңге қаражат бөлінген еді. Бөлінген қаржы 28 әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Олардың ең өзектісі – «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту ресурстар орталығын құру, ақпараттық қолдау жасау». Үстіміздегі жылы «Жастар кадрлық резерві» жобасы бастауын алып, өзін көрсете білген-тін. Бағдарлама биыл да жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, жоспарда аула клубтарын, пікірталас қозғалыстарын дамыту, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру көзделіп отыр»,-деп толықтырды басқарма төрағасы. BAQ.kz

Қызылорда облысында 56 жастар ҮЕҰ тіркелген. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма төрағасы Жандос Базартай мәлімдеп отыр.  

«Аймақта 14-29 жас аралығындағы 204 мыңнан астам жас азаматтар өмір сүреді. Олар халықтың 28,6 пайызын құрайды. Жастар «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан студенттері альянсы», «Қызылорда жастары» қауымдастығы, «Самрұқ» ҚҚ сынды ұйым жұмыстарына белсене атсалысып, «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар Отанға» атты бағдарламаларға қатысып отыр. Қызылорда облысында 56 жастар бірлестігі тіркелгенімен, оның 29 ғана белсенді жұмыс жасап келеді. Біздің бүгінгі басты мақсатымыз – жұмысқа оқшау ҮЕҰ тарту»,-деді ол.

«2013 жылы жастар саясатын дамытуға облыстық бюджеттен 79,5 млн теңге қаражат бөлінген еді. Бөлінген қаржы 28 әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Олардың ең өзектісі – «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту ресурстар орталығын құру, ақпараттық қолдау жасау».

Үстіміздегі жылы «Жастар кадрлық резерві» жобасы бастауын алып, өзін көрсете білген-тін. Бағдарлама биыл да жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, жоспарда аула клубтарын, пікірталас қозғалыстарын дамыту, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру көзделіп отыр»,-деп толықтырды басқарма төрағасы.

BAQ.kz

Бөлісу: