ХІХ ғасыр. Жанкент - оғыздардың астанасы

19 Наурыз 2013, 06:06

Жанкент ортағасырлық қалашығы Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан. Бірқатар ортағасырлық жазба ескерткіштері бойынша¸ Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы Жанкент қаласы (Янгикент), «оғыз патшаларының» резиденциясы болған.    Қалашық жобасы бойынша тікбұрыш пішінді келген, көлемі 325 х 200 м. Қалашықтың солтүстік - батыс жағында жақсы сақталған цитадель орналасқан. Қаланың батыс және шығыс жағында кіретін қақпа орын тепкен. Қалашықтың фортификациясы алдына шығып тұрған жартылай дөнгелек мұнаралы сыртқы қабырғамен белгіленген. Қалашықтың солтүстік қабырғасының сыртқы жағынан құрылған құрылыс конструкциясынын қалдықтары көрінеді.   Ескерткіште бірінші археологиялық жұмыстарды 1867 ж. Түркістан археологиялық қоғамының мүшесі П.И. Лерх бастаған.[1][1] 1868 ж.ескерткішті В.В. Верещагин зерттеген.[2][2] Алдын ала анықтау жұмыстары С.П. Толстовтың жетектілігімен Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясымен 1946 ж. өткізілді.[3][3] Ежелгі қалашықтың зерттелуінде жаңа кезең 2005 ж. БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының, РҒА Этнология және антропология институтының және Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесе басталды.   2007 жылынан бастап, ескерткіште «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша зерттеу жұмыстары өткізіледі. Қалашықтың цитаделінде зерттелінген бір неше бөлме, үлкен тұрақтың бөліктері болып табылады. Интериеріне және жобасына қарағанда бұл тұрақтардың құрылыс дәстүрі Онтүстік Қазақстан және Хорезм ортағасырлық қалалық мәдениетіне жатады. Тұрақтардың түрлері шаруашылық және тұрғын бөлмелеріне бөлінеді. Тұрғын бөлмелердін ішкі қабырғалардын қасында суфалар ашылды. Бөлмелерді орташа ошақтармен жылынтатын болған. Қалашықтың цитаделінде ғибадатхана ашылған, бекініс қорғанының салынуындағы бұрын белгісіз ерекшеліктері көрінеді және күйдірілген саздан жасалып, оюлармен өрнектелген екі басты қойдың мүсіні табылған.   Табылған заттар коллекциясы б.з. І мыңжылғылдықтың соңы мен ІІ мыңжылғылдықтың басына сай келеді. Олар: жез тыйындар, еңбек құралдары, қоладан жасалған сырға, сақина, қоңырау және қапсырмалар. Керамикасы шаруашылық пен ас ыдыстарына тұрады. Олар: құмыралар, құмандар, кеселер және де қолмен, гончар дөңгелегінде жасалған дастархандар. Ыдыстардың қиылған толқынды сызықтармен өрнектелуі Онтүстік Қазақстан мен Сарыарқаның ортағасырлық қалаларына тән келеді, сонымен қатар Сырдарияның ортағасырлық көшпелілеріне тән тамғалар мен мөрлер кездеседі.   Жанкент керамикасында түрлі мәдени дәстүрлердің қосарлануы көрініс табады. Оның себебі жазба деректерімен дәлелденіп отырғандай, оғыздардың этносаяси одақтардың шеңберіндегі өзіндік мәдени шаруашылықтары бар түркі тайпаларының тығыз қатынастарының нәтижесінде болды деп тұжырымдаймыз. Дереккөзі: «Мәдени мұра» ұлттық порталы

Жанкент ортағасырлық қалашығы Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан. Бірқатар ортағасырлық жазба ескерткіштері бойынша¸ Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы Жанкент қаласы (Янгикент), «оғыз патшаларының» резиденциясы болған.
 
 Қалашық жобасы бойынша тікбұрыш пішінді келген, көлемі 325 х 200 м. Қалашықтың солтүстік - батыс жағында жақсы сақталған цитадель орналасқан. Қаланың батыс және шығыс жағында кіретін қақпа орын тепкен. Қалашықтың фортификациясы алдына шығып тұрған жартылай дөнгелек мұнаралы сыртқы қабырғамен белгіленген. Қалашықтың солтүстік қабырғасының сыртқы жағынан құрылған құрылыс конструкциясынын қалдықтары көрінеді.
 
Ескерткіште бірінші археологиялық жұмыстарды 1867 ж. Түркістан археологиялық қоғамының мүшесі П.И. Лерх бастаған.[1][1] 1868 ж.ескерткішті В.В. Верещагин зерттеген.[2][2] Алдын ала анықтау жұмыстары С.П. Толстовтың жетектілігімен Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясымен 1946 ж. өткізілді.[3][3] Ежелгі қалашықтың зерттелуінде жаңа кезең 2005 ж. БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының, РҒА Этнология және антропология институтының және Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесе басталды.
 
2007 жылынан бастап, ескерткіште «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша зерттеу жұмыстары өткізіледі. Қалашықтың цитаделінде зерттелінген бір неше бөлме, үлкен тұрақтың бөліктері болып табылады. Интериеріне және жобасына қарағанда бұл тұрақтардың құрылыс дәстүрі Онтүстік Қазақстан және Хорезм ортағасырлық қалалық мәдениетіне жатады. Тұрақтардың түрлері шаруашылық және тұрғын бөлмелеріне бөлінеді. Тұрғын бөлмелердін ішкі қабырғалардын қасында суфалар ашылды. Бөлмелерді орташа ошақтармен жылынтатын болған.

Қалашықтың цитаделінде ғибадатхана ашылған, бекініс қорғанының салынуындағы бұрын белгісіз ерекшеліктері көрінеді және күйдірілген саздан жасалып, оюлармен өрнектелген екі басты қойдың мүсіні табылған.
 
Табылған заттар коллекциясы б.з. І мыңжылғылдықтың соңы мен ІІ мыңжылғылдықтың басына сай келеді. Олар: жез тыйындар, еңбек құралдары, қоладан жасалған сырға, сақина, қоңырау және қапсырмалар. Керамикасы шаруашылық пен ас ыдыстарына тұрады. Олар: құмыралар, құмандар, кеселер және де қолмен, гончар дөңгелегінде жасалған дастархандар. Ыдыстардың қиылған толқынды сызықтармен өрнектелуі Онтүстік Қазақстан мен Сарыарқаның ортағасырлық қалаларына тән келеді, сонымен қатар Сырдарияның ортағасырлық көшпелілеріне тән тамғалар мен мөрлер кездеседі.
 
Жанкент керамикасында түрлі мәдени дәстүрлердің қосарлануы көрініс табады. Оның себебі жазба деректерімен дәлелденіп отырғандай, оғыздардың этносаяси одақтардың шеңберіндегі өзіндік мәдени шаруашылықтары бар түркі тайпаларының тығыз қатынастарының нәтижесінде болды деп тұжырымдаймыз.

Дереккөзі: «Мәдени мұра» ұлттық порталы

Бөлісу: