Алматы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада Наурыз мейрамы кең ауқымда аталып өтіледі, қала тұрғындары мен меймандары үшін София Эллис Бэкстор ән салады. Мереке 22-сі күні сағат 11.00-де «Астана» алаңында (Ескі алаң) басталады.
Бұл күні алматылықтар қазақстандық жұлдыздардың концерті мен үнді шәйі фестивалін тамашалай алады. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің қалашығы ұйымдастырылады.
Ал әлемдік жұлдыз София Эллис Бэкстор сағат 21.00-де концерт береді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мереке отшашумен аяқталады
Baq.kz