Мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасында Астана командасы І орын алды

18 Наурыз 2013, 11:50

Астаналық мектеп оқушылары командасы Республикалық олимпиадада жалпы-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша «Үздік команда - 2013» атағын жеңіп алды. Бұл туралы  astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті. Астана оқушылары жеті жыл қатарынан Республикалық олимпиадада көш бастауда.   Биылғы жылы жалпы-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада  Талдықорған қаласында наурыздың 12-сінен 18-не дейін өтті. Оған елорданың жалпы орта білім беретін мекемелерінен 47 оқушы қатысты. Олардың 26-сы  медаль, грамоталармен марапатталды. Астаналық оқушылардың 7-уі бірінші,  9-ы екінші және 10-ы үшінші орынға ие болды. «2013 жылы олимпиада өте қиын өтті. Әсіресе, математика пәнінің тапсырмалары  күрделі болды. Алайда, біздің балалар бұл пән бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, 2 бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, астаналық оқушылар географиядан 3, физикадан  1 «алтын» алды», - деді  astana.kz сайтына  «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Майра Құрманбаева. Орталық директорының айтуынша,  25-і мен 30 наурыз  аралығында Тараз қаласында мектеп оқушылары Республикалық олимпиадасының екінші кезеңі өтеді. Бұл жолы балалар гуманитарлық пәндер бойынша жарысқа түседі. Олимпиадаға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 40-тан астам дарынды баласы қатысады. Astana.kz

Астаналық мектеп оқушылары командасы Республикалық олимпиадада жалпы-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша «Үздік команда - 2013» атағын жеңіп алды. Бұл туралы  astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.
Астана оқушылары жеті жыл қатарынан Республикалық олимпиадада көш бастауда.  
Биылғы жылы жалпы-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада  Талдықорған қаласында наурыздың 12-сінен 18-не дейін өтті. Оған елорданың жалпы орта білім беретін мекемелерінен 47 оқушы қатысты. Олардың 26-сы  медаль, грамоталармен марапатталды. Астаналық оқушылардың 7-уі бірінші,  9-ы екінші және 10-ы үшінші орынға ие болды.
«2013 жылы олимпиада өте қиын өтті. Әсіресе, математика пәнінің тапсырмалары  күрделі болды. Алайда, біздің балалар бұл пән бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, 2 бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, астаналық оқушылар географиядан 3, физикадан  1 «алтын» алды», - деді  astana.kz сайтына  «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Майра Құрманбаева.
Орталық директорының айтуынша,  25-і мен 30 наурыз  аралығында Тараз қаласында мектеп оқушылары Республикалық олимпиадасының екінші кезеңі өтеді. Бұл жолы балалар гуманитарлық пәндер бойынша жарысқа түседі. Олимпиадаға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 40-тан астам дарынды баласы қатысады.

Astana.kz

Бөлісу: