Лебяжі ауданы: жалпы мәлімет

18 Наурыз 2013, 09:05

Лебяжі - Қиық - Аққу. Аққулы ауылы тұрған жердің солтүстік қапталында айдын - көл болыпты - мыс. Онда аққулар мекендейді екен. Казак станицасы өзінің атауын осыдан алыпты. Бұл - бәлкім шындық. Бірақ бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Шындық дейтініміз, үлкендер айтушы еді, көктемде Ертіс тасығанда аудан орталығы мен Широкое ауылының арасын тұтас су алып кетеді деп. Ол су шілдеде Ертіс екінші рет көтірілгенде одан сайын молайып, кей жылдары ауылдың шығыс қапталында жатқан Ақсор көліне барып құяды деп. Аққуы ұшып, қазы қонған айдын тартылды, бүлдіргенді, доланалы нуы селдіреді. Бұл адамның өз қолымен жасағаны: Ертістің жоғарғы ағысында су қоймаларының тұрғызылуы салдарынан шабындықтың суға мейірі қанып тойынуы жоқ. Ертеректе, шамада елуінші жылдары, құлама жарға келіп ақ пароход тоқтаушы еді. Айына екі рет Семейден Омбыға, Омбыдан Семейге қатынайтын ақ пароходтың келуі Лебяжі өңірі үшін айтулы оқиға болатын: соғыстан кейінгі ашөзектеу кез - ауылдың тайлы - таяғы қалмай жинаған азын-аулақ құрт - майын айырбасқа салуға пароходқа ұмтылысатын. Ол кездері ел Алматыға негізі Семей арқылы қатынайды. Оқуға, іссапарға шыққан азаматтар артынып тартынып ақ пароходқа мініп жатады. Балаларға пароход жүріп өткен соң Ертістің бұйра толқынына биік жарқабақтан секірудің өзі бір ерлікке пара-пар. Композитор Балакиревтің атымен аталатын осы пароходты араға отыз жыл салып, Приозерный балықшылар поселкесінде айлақта тұрған жерінен көрдік. Балалық шағымызбен қайта қауышқандай болып едік, көп ұзамай балықшылардың демалыс үйіне айналдырылған пароходтың суға батып кеткенінен хабар алдық. Осылай аққулы өңірдің бір аңызы үзілді. Ел азаматтары бас қосып, осыдан сәл ілгеріде орысша «Лебяжі» аталып келген ауыл атын «Аққу» деп өзгертті. Бірақ, оның ел аузындағы тарихи атауы «Қиық» болатын». Лебяжі ауданы Павлодар облысының оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Жер көлемі 8,1 мың кв.м. Ауданның солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 130 км, батыстан шығысқа қарай - 110 км. Шекарасының жалпы ұзындығы 461 км. жуық. Лебяжі ауданы солтүстігінде Павлодар, Шарбақты ауданымен, батысында Ертіс өзені Май ауданынан бөледі, оңтүстігінде Шығыс Қазақстан облысымен - шығысында Ресеймен шектеседі. Лебяжі ауданы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен орталығы Лебяжі селосы болып 1939 жылдың 16 қазанында Бесқарағай, Кагонович және Павлодар ауданын уақтап бөлу арқылы ұйымдастырылды. Тұрғын саны 6697 адам болды. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1963 жылдың 2 қаңтарында Лебяжі ауданы таратылып, оның жер көлемі Павлодар ауданының құрамына енді. 1964 жылдың 31 желтоқсанында қайта құрылды. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Лебяжі - Қиық - Аққу. Аққулы ауылы тұрған жердің солтүстік қапталында айдын - көл болыпты - мыс. Онда аққулар мекендейді екен. Казак станицасы өзінің атауын осыдан алыпты. Бұл - бәлкім шындық. Бірақ бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Шындық дейтініміз, үлкендер айтушы еді, көктемде Ертіс тасығанда аудан орталығы мен Широкое ауылының арасын тұтас су алып кетеді деп. Ол су шілдеде Ертіс екінші рет көтірілгенде одан сайын молайып, кей жылдары ауылдың шығыс қапталында жатқан Ақсор көліне барып құяды деп. Аққуы ұшып, қазы қонған айдын тартылды, бүлдіргенді, доланалы нуы селдіреді. Бұл адамның өз қолымен жасағаны: Ертістің жоғарғы ағысында су қоймаларының тұрғызылуы салдарынан шабындықтың суға мейірі қанып тойынуы жоқ. Ертеректе, шамада елуінші жылдары, құлама жарға келіп ақ пароход тоқтаушы еді. Айына екі рет Семейден Омбыға, Омбыдан Семейге қатынайтын ақ пароходтың келуі Лебяжі өңірі үшін айтулы оқиға болатын: соғыстан кейінгі ашөзектеу кез - ауылдың тайлы - таяғы қалмай жинаған азын-аулақ құрт - майын айырбасқа салуға пароходқа ұмтылысатын. Ол кездері ел Алматыға негізі Семей арқылы қатынайды. Оқуға, іссапарға шыққан азаматтар артынып тартынып ақ пароходқа мініп жатады. Балаларға пароход жүріп өткен соң Ертістің бұйра толқынына биік жарқабақтан секірудің өзі бір ерлікке пара-пар. Композитор Балакиревтің атымен аталатын осы пароходты араға отыз жыл салып, Приозерный балықшылар поселкесінде айлақта тұрған жерінен көрдік. Балалық шағымызбен қайта қауышқандай болып едік, көп ұзамай балықшылардың демалыс үйіне айналдырылған пароходтың суға батып кеткенінен хабар алдық. Осылай аққулы өңірдің бір аңызы үзілді. Ел азаматтары бас қосып, осыдан сәл ілгеріде орысша «Лебяжі» аталып келген ауыл атын «Аққу» деп өзгертті. Бірақ, оның ел аузындағы тарихи атауы «Қиық» болатын».

Лебяжі ауданы Павлодар облысының оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Жер көлемі 8,1 мың кв.м. Ауданның солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 130 км, батыстан шығысқа қарай - 110 км. Шекарасының жалпы ұзындығы 461 км. жуық. Лебяжі ауданы солтүстігінде Павлодар, Шарбақты ауданымен, батысында Ертіс өзені Май ауданынан бөледі, оңтүстігінде Шығыс Қазақстан облысымен - шығысында Ресеймен шектеседі. Лебяжі ауданы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен орталығы Лебяжі селосы болып 1939 жылдың 16 қазанында Бесқарағай, Кагонович және Павлодар ауданын уақтап бөлу арқылы ұйымдастырылды. Тұрғын саны 6697 адам болды. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1963 жылдың 2 қаңтарында Лебяжі ауданы таратылып, оның жер көлемі Павлодар ауданының құрамына енді. 1964 жылдың 31 желтоқсанында қайта құрылды.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу: