Мәскеуде ең сұлу қазақ аруын таңдады

18 Наурыз 2013, 06:24

Мәскеуде Қазақстандықтар арасынан ең сұлу аруды анықтау мақсатында «Мәскеу көкемі» атты байқау өтті. Арулардың ең сұлуы деп Қарағанды облысының тумасы 22 жасар Әлия Мұхамеджанова таңдалған.  Жеңімпаз Мәскеу мемлекетік университетінің магистратурасында экология және табиғат пайдалану мамандығы бойынша оқиды. Екінші орын Менделеев атындағы РХТУ студенті 20 жасар Зере Мұхамеджановаға бұйырды. Вице-мисс атанған сұлуға әлеуметтік желілер қолданушылары арасынан ең көп дауыс жинағаны үшін «Интернет аруы» титулы да берілді. Зере Мұхамеджанова Тараз қаласында туып өскен. Екінші вице-мисс болып РМГУ 1 курс студенті Лаура Жахаева атанды. Ол экономика мамандығы бойынша білім алуда. Қатысушылардың сұлулығын құрамында актриса, әнші Линда Нигматулина, кинорежиссер Егор Кончаловский, "Муз-ТВ" телеарнасының бас директоры Арман Давлетяров бар қазылар алқасы бағалады. Әу баста байқауды «Қазақ аруы» деген атаумен өткізбек болған ұйымдастырушылар белгілі-бір себептерге байланысты атауын «Мәскеу көктеміне» ауыстырған болатын. Байқау Мәскеу қаласының «Атамекен» Қазақстан студенттері бірлестігі бастамасымен ұйымдастырылған. BAQ.kz

Мәскеуде Қазақстандықтар арасынан ең сұлу аруды анықтау мақсатында «Мәскеу көкемі» атты байқау өтті.
Арулардың ең сұлуы деп Қарағанды облысының тумасы 22 жасар Әлия Мұхамеджанова таңдалған. 
Жеңімпаз Мәскеу мемлекетік университетінің магистратурасында экология және табиғат пайдалану мамандығы бойынша оқиды.
Екінші орын Менделеев атындағы РХТУ студенті 20 жасар Зере Мұхамеджановаға бұйырды. Вице-мисс атанған сұлуға әлеуметтік желілер қолданушылары арасынан ең көп дауыс жинағаны үшін «Интернет аруы» титулы да берілді. Зере Мұхамеджанова Тараз қаласында туып өскен.
Екінші вице-мисс болып РМГУ 1 курс студенті Лаура Жахаева атанды. Ол экономика мамандығы бойынша білім алуда.
Қатысушылардың сұлулығын құрамында актриса, әнші Линда Нигматулина, кинорежиссер Егор Кончаловский, "Муз-ТВ" телеарнасының бас директоры Арман Давлетяров бар қазылар алқасы бағалады.
Әу баста байқауды «Қазақ аруы» деген атаумен өткізбек болған ұйымдастырушылар белгілі-бір себептерге байланысты атауын «Мәскеу көктеміне» ауыстырған болатын. Байқау Мәскеу қаласының «Атамекен» Қазақстан студенттері бірлестігі бастамасымен ұйымдастырылған.

BAQ.kz

Бөлісу: