18 Наурыз 2013, 06:02
Көптеген ақтоғайлықтар жауынгерлер жан аямай ерліктері үшін әр деңгейдегі орден, медальдармен марапатталған. Өкінішке орай қан-майдан даласында 1488 азамат-жауынгеріміз мәңгілік болып сол жерлерде оралмай қалып қойды. Соғыстан кейінгі бейбіт құрылыс жылдарында, алғашқы үлкен тарихи бетбұрыс елдің тұрмыс қажетіне шаруашылық экономикасына, халықтың мәдениетімен білім саласына арналған Үкіметтің 1950 жылдардан кейінгі бірнеше алынған қаулылары болды.
Міне, осыдан кейін біздің ауданда ел тұрмысы біршама жақсылыққа бет бұрып, айқындалған бағдарламалармен өрлеу жолына түсе бастайды. Бұл кез ауылшаруашылығының қай саласы болмасын бір жаңа көзқараспен, үлкен жауапкершілікпен жаңа бір қозғалыстан бары айқындалып тұрған. Ауылшаруышылығының дамуына Кеңес Үкіметінің тұсында бесжылдық жоспармен белгіленіп және социалистік жарыс қозғалыстың еңбек бәсекесінің өз кезінде өріс алғандығы тарихи ақиқат.
XX ғасырдың 50-шы жылдардың басындағы ең үлкен жерді игеру және осы науқанға барлық елден жастардың шақырылуы. Осы салада ауданымызда 1954-1955 жылдары: Агрономия, Жданов атындағы, Шідерті, Краснокутск, Карл-Маркс, Приозерный атты жаңа тың совхоздары бой көтерді. Міне, дәл осы кезде, елді мекендерде әр түрлі ұлт-өкілдерімен шулы жастар үні, жаңаша еңбек майданына кіріскен кезі. Бұл үлкен тарих. Аудан экономикасы, ел тұрмысының оң қараған шағы, міне осы кезден басталды десе болады.
Ауданның өрлеу жылдары осы тың игеру жылдарынан басталды емес пе? Көп аға буынды тұрғындардың есінде 1956, 1958, 1972, 1979, 1980 жылдары болған үлкен шығымды егін, халықтың көптен шешілмей жүрген тұрмыс-қажет проблемаларын шешіп, елдің біршама көтеріліп қалған кездері еді ғой. Осы өрлеу жылдарындағы ауданның бір көлемді істерінің бірі дәнді дақылдар егін аумағы 1963-1964 жылдары 400 000 гектарға жеткізілген. Кейін көп жылдар бойы 230 000 гектарға астық егіліп, өнімінен Отанға үлес қосқан.
Ауданымыздың басты бағыты ауылшаруашылығының өнімін өнліру. Осы салада 1963-1964 жылдары 17 совхоз өндіріспен айналысқан, халық саны 41 970 адамға жеткен. Енді аудан тарихына кімдер қатысты болды екен десек, әрине бұл жерде ешқандай күмән жоқ, алдымен елдің тұрақты тұрғындары - бәріміз оның ішінде қоғам даму барысындағы жауапты қызметкерлер, немесе елім деп жан аямай еңбек еткен азаматтардың үлесі сөзсіз даму биіктігі, көбінесе басқарушыдан екендігі көп дәлел керек етпейді.
Жалпы біздің аудан тарихында партия заманында 16 бірінші хатшы аудандық комитетте басшылық еткен. Алғашқы бірінші хатшы болып наурыз 1938 жылы - Чекушин сайланса, Юрьев М.П. 1991 жылы қараша айында, 15 жыл бойы ауданға басшылық етіп, партия өмірін тоқтатты.
Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы