18 Наурыз 2013, 05:40
1975 ж. қыркүйегінде құрылысшылар толық қуатты 8 агрегатымен Ермак ГРЭС-ін пайдалануға берді. ГРЭС қасында поселок пайда болып, оған Ақсу деген атау берілді.
Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты және «ЕЭК» ААҚ электр стансасын салу жұмыстары басталды, бірінші директор Владимир Михайлович Новиков болды. 1968 жылы 17 желтоқсанда ГРЭС-те қуаттылығы 300 мегаватт бірінші энергоблок пайдалануға қосылды және бірінші өнеркәсіптік тоқ берілді.
1996 жылы желтоқсанда кәсіпорын Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылады.
Қала энергетиктері 2001 жылдың басынан электр қуатының сағатына 5.580.7 миллион киловатын және жылу энергиясының 612,0 мың гекакалориясын өндірді.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазанда Ермакқа облысқа бағынатын қала мәртебесі берілген Жарғы шықты. 1992 ж. Ермак ауданы Ақсу ауданы болып аталатын болды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы ТН№ 2189-ХП Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы деп атын өзгертеді. Бірнеше жылдан кейін 1997 ж. 9 шілдесінде облыс әкімінің шешімі бойынша Ақсу ауданының бұрынғы территориясы Ақсу қаласының шекарасына ауылдық аймақ ретінде, ауыл округітері мен Қалқаман поселкесі Ақсу қаласы әкімшілігінің қарамағына берілді.
Қазіргі Ақсу - Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және мәдени қаласы.
Қала тұрғындарының саны - 70300 адам, оның ішінде 27 мыңнан астамы ауыл тұрғындары.
Қ.Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» арнасы біздің қаламыздың аса маңызды стратегиялық объектісі болып табылады. «Ертіс-Қарағанды» арнасы - Қазақстанның орталық және солтүстік бөлігін суға қандырып әрі асырап отыр.
Қаланы Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігімен байланыстыратын «Ақсу-Дегелең» темір жолының ашылуана арналған салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы Ақсу қаласы үшін тарихи оқиға болды. Ал темір жол вокзалының жаңғырып, қалпына келтірілген ғимараты қаланың көз тартарлық көрнекті орнына айналды.
2000 жылы қазақ гимназиясының ашылуы ерекше мәні бар оқиға болды.
Мәдениет және демалыс саябағы, Мәдениет сарайы, ауылдық жерлердегі мәдени орталықтар қала тұрғындарының демалу орны болып табылады.
2009 жылы жаңа поликлиника, 2010 жылы №2 қазақ мектебі ашылды.
2011 жылдың қыркүйек айында Ақсу қаласының 50 жылдық мерейтойы.
Ақсу - еңбекқұмар, ізгі ниетті және қонақжайлы адамдардың қаласы. Қала тұрғындары өздерінің сүйікті қалаларын көздің қарашығындай сақтаумен бірге, оның тұрақты болып, гүлденетініне зор сеніммен қарайды.
Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы