«Хан дойбы» қалай иесінен алыстап кетті

18 Наурыз 2013, 05:25

Ең бiрiншiден, «Хан Дойбы» ойынының соншалықты уақыт аралығында өз иесiнен алыстап кетуiнде де түрлi себептер бар. Өйткенi, бұл ойын түрi тек хандардың арасында ғана насихатталған не болмаса хандардың, билердiң арасында ғана тараған. Қарапайым халық бұл ойынның тек бар екендiгiн ғана бiлген болуы тиiс. Әйтсе де, олар қаншалықты ол ойынға деген қызығушылық бiлдiргенмен, бәрiбiр де қолдары жетпес едi. Себебi, бұл ойынды арнайы үйретiп, оны насихаттаушылар болған. Заман өзгергенмен, адам өзгермейтiнi белгiлi ғой. Ол уақытта да аталған ойынды насихаттаушылар пайда табу көзiне айналдырған. Ондайда пақырларға қомақты қаржы табу қиынға соғатыны белгiлi. Онымен қоса, бұл ойынды үйрену өте ұзаққа созылуы мүмкiн. Ал, ол кездегi заманды бүгiнгi дамыған қоғаммен салыстыруға мүлдем келмейдi. Сондықтан, «Хан Дойбы» ойыны жоғарыда айтып өткендей тек ауқатты адамдардың арасында ғана белгiлi болған. Аталған ойын түрiн көп адамдар бiле бермедi. «Хан Дойбы» ойынының тек бiр ғана ортада қалып қоюының нақты бiр ғана себебi бар. Өйткенi, мемлекет басшыларының халықты басқару саясаты тiкелей осы ойынмен байланысты едi. Егер ол саясаттың астарын қарапайым халық бiлiп қоятын болса, онда ол кезде хандық билiктiң жойылып кету қаупi болатын. Содан болар, дер кезiнде ашық түрде жарияланбай, бұны бiлетiн адамдардың қатары сиреп, «Хан Дойбы» ойынының өрiсi тарыла бастады. Тарихқа көз салар болсақ, сан ғасырлардан берi халықтың көп бөлiгiн қарапайым адамдардың құрағаны белгiлi. Әлi де солай. Егер дәл қазiргi уақытта да бұл ойын түрiн халыққа қымбат бағаға үйретер болсаңыз, расын айту керек, көбiнiң қалтасы көтере бермесi анық. Осылайша, ол белгiлi бiр топтың арасында қара көлеңке болып қалып қояды. Не нәрсенiң де болмасын аяғынан тiк тұрып, қазығын тереңге қағып алуы үшiн ең бiрiншi оның тұтынушысы көп болуы шарт. Екiншiден, ол бұқаралық сипат алуы қажеттi. Мiне, сонда ғана ел есiнде қалып, мәңгiлiкке ұмытылмастай болып халық игiлiгiне берiлетiнi хақ. «Хан Дойбының» соншалықты көненiң көзi боларлықтай қасиетiне үңiлер болсақ. Бұл қайдан келген ойын болуы мүмкiн? Тарих қашанда дәлелдеудi қажет етедi. Бiр нәрсе анық, яғни мұндай ойынның болғандығы. Бiрақ, бұл ойынның қазақ жанына қаншалықты жақын болғандығын халыққа ашып көрсетуiмiз қажет. Жақында осы Алматы облысы, Есiк ауданындағы қазба жұмыстары кезiнде «Хан дойбы» ойынына арналған тастар табылған. Бiр қызықтысы мұндағы табылған дойбы тастары пiлдiң сүйегiнен жасалынған екен. Әртүрлi ою-өрнектермен, қазақтың ертеден қолданып келе жатқан киiз үйi пiшiндес жасалған тастардан нағыз қазаққа тән бiр болмысты байқаған болар едiңiз. Археологиялық зерттеулердiң нәтижесiн ескере отырып, ғалымдар ол тастардың қолдану мерзiмiн үйсiндердiң мемлекет құрған тұсымен сәйкестендiрiп отыр. Жалпы, үйсiндер ертеректен тарихын қалыптастырған мемлекеттердiң қатарынан орын алады емес пе? Бiз бұл ойынға арналған тастардың әлi де табылатынына сенiмдiмiз. Тiптi, бұл ойынның негiзi үйсiндерден де арыда жатуы мүмкiн. Ал, үйсiндерден кейiн пайда болмағанына сенiмiмiз мол. Қысқасы, бұдан «Хан Дойбы» ойынының тарихы тереңде жатқандығы байқалады. Бұл ойынды бiрақ нелiктен бiз «Хан Дойбы» деп атап жүрмiз? Дойбымыз ойынның аты болған соң түсiнiктi нәрсе. Ал, хан деген сөз қайдан шыққанын бiлiп алуымыз қажет. Бiздiң бiлуiмiзше, үйсiндердiң басшысы «гуньмо» деп аталынды. Яғни, қазақша айтқанда - «Күнби». Одан бертiн өз заманында мемлекет билеген адамдарға «қаған» деген секiлдi атақ берiлген едi. Бұл ойынның негiзгi атауы - «Қазақтың дана би дойбысы». Бiрақ, ойынның аталуы халыққа түсiнiктi болуы үшiн арнайы «Хан Дойбы» деген атау берген. Атауға шұбарланбай, айтқанда жеңiл болу үшiн. Әйтпесе, хандық билiк бiздiң тарихымызға кейiннен келген ғой. Ертегiлерде, ауыз әңгiмелерде көбiне ел басқарған адамдарды хан немесе патша деп атағандықтан бұл ойынның арамызда «Хан Дойбы» болып танылғаны дұрыс болғандай. Бiрақ, шынына келгенде «би» деген сөз қолданысымызда үйсiндерден де арғы заманнан келе жатыр. Жандос БАЙДІЛДА

Ең бiрiншiден, «Хан Дойбы» ойынының соншалықты уақыт аралығында өз иесiнен алыстап кетуiнде де түрлi себептер бар. Өйткенi, бұл ойын түрi тек хандардың арасында ғана насихатталған не болмаса хандардың, билердiң арасында ғана тараған. Қарапайым халық бұл ойынның тек бар екендiгiн ғана бiлген болуы тиiс. Әйтсе де, олар қаншалықты ол ойынға деген қызығушылық бiлдiргенмен, бәрiбiр де қолдары жетпес едi. Себебi, бұл ойынды арнайы үйретiп, оны насихаттаушылар болған. Заман өзгергенмен, адам өзгермейтiнi белгiлi ғой. Ол уақытта да аталған ойынды насихаттаушылар пайда табу көзiне айналдырған. Ондайда пақырларға қомақты қаржы табу қиынға соғатыны белгiлi. Онымен қоса, бұл ойынды үйрену өте ұзаққа созылуы мүмкiн. Ал, ол кездегi заманды бүгiнгi дамыған қоғаммен салыстыруға мүлдем келмейдi. Сондықтан, «Хан Дойбы» ойыны жоғарыда айтып өткендей тек ауқатты адамдардың арасында ғана белгiлi болған. Аталған ойын түрiн көп адамдар бiле бермедi. «Хан Дойбы» ойынының тек бiр ғана ортада қалып қоюының нақты бiр ғана себебi бар. Өйткенi, мемлекет басшыларының халықты басқару саясаты тiкелей осы ойынмен байланысты едi. Егер ол саясаттың астарын қарапайым халық бiлiп қоятын болса, онда ол кезде хандық билiктiң жойылып кету қаупi болатын. Содан болар, дер кезiнде ашық түрде жарияланбай, бұны бiлетiн адамдардың қатары сиреп, «Хан Дойбы» ойынының өрiсi тарыла бастады. Тарихқа көз салар болсақ, сан ғасырлардан берi халықтың көп бөлiгiн қарапайым адамдардың құрағаны белгiлi. Әлi де солай. Егер дәл қазiргi уақытта да бұл ойын түрiн халыққа қымбат бағаға үйретер болсаңыз, расын айту керек, көбiнiң қалтасы көтере бермесi анық. Осылайша, ол белгiлi бiр топтың арасында қара көлеңке болып қалып қояды. Не нәрсенiң де болмасын аяғынан тiк тұрып, қазығын тереңге қағып алуы үшiн ең бiрiншi оның тұтынушысы көп болуы шарт. Екiншiден, ол бұқаралық сипат алуы қажеттi. Мiне, сонда ғана ел есiнде қалып, мәңгiлiкке ұмытылмастай болып халық игiлiгiне берiлетiнi хақ.

«Хан Дойбының» соншалықты көненiң көзi боларлықтай қасиетiне үңiлер болсақ. Бұл қайдан келген ойын болуы мүмкiн? Тарих қашанда дәлелдеудi қажет етедi. Бiр нәрсе анық, яғни мұндай ойынның болғандығы. Бiрақ, бұл ойынның қазақ жанына қаншалықты жақын болғандығын халыққа ашып көрсетуiмiз қажет. Жақында осы Алматы облысы, Есiк ауданындағы қазба жұмыстары кезiнде «Хан дойбы» ойынына арналған тастар табылған. Бiр қызықтысы мұндағы табылған дойбы тастары пiлдiң сүйегiнен жасалынған екен. Әртүрлi ою-өрнектермен, қазақтың ертеден қолданып келе жатқан киiз үйi пiшiндес жасалған тастардан нағыз қазаққа тән бiр болмысты байқаған болар едiңiз. Археологиялық зерттеулердiң нәтижесiн ескере отырып, ғалымдар ол тастардың қолдану мерзiмiн үйсiндердiң мемлекет құрған тұсымен сәйкестендiрiп отыр. Жалпы, үйсiндер ертеректен тарихын қалыптастырған мемлекеттердiң қатарынан орын алады емес пе? Бiз бұл ойынға арналған тастардың әлi де табылатынына сенiмдiмiз. Тiптi, бұл ойынның негiзi үйсiндерден де арыда жатуы мүмкiн. Ал, үйсiндерден кейiн пайда болмағанына сенiмiмiз мол. Қысқасы, бұдан «Хан Дойбы» ойынының тарихы тереңде жатқандығы байқалады.

Бұл ойынды бiрақ нелiктен бiз «Хан Дойбы» деп атап жүрмiз? Дойбымыз ойынның аты болған соң түсiнiктi нәрсе. Ал, хан деген сөз қайдан шыққанын бiлiп алуымыз қажет. Бiздiң бiлуiмiзше, үйсiндердiң басшысы «гуньмо» деп аталынды. Яғни, қазақша айтқанда - «Күнби». Одан бертiн өз заманында мемлекет билеген адамдарға «қаған» деген секiлдi атақ берiлген едi. Бұл ойынның негiзгi атауы - «Қазақтың дана би дойбысы». Бiрақ, ойынның аталуы халыққа түсiнiктi болуы үшiн арнайы «Хан Дойбы» деген атау берген. Атауға шұбарланбай, айтқанда жеңiл болу үшiн. Әйтпесе, хандық билiк бiздiң тарихымызға кейiннен келген ғой. Ертегiлерде, ауыз әңгiмелерде көбiне ел басқарған адамдарды хан немесе патша деп атағандықтан бұл ойынның арамызда «Хан Дойбы» болып танылғаны дұрыс болғандай. Бiрақ, шынына келгенде «би» деген сөз қолданысымызда үйсiндерден де арғы заманнан келе жатыр.

Жандос БАЙДІЛДА

Бөлісу: