Ұлттық спорт: БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАШАНДА ТЕКТIЛIКТI ТУ ЕТIП КЕЛГЕН

18 Наурыз 2013, 05:09

«Хан Дойбының» тарихын қазып алдық. Алыстан емес. Алматының маңайынан. Қазiргi Алматы қаласының орналасқан аумағын ғасырлар бойы қазақтар қоныстанып келе жатқандығын жақсы бiлемiз. Ендеше «Хан Дойбының» қазақтiкi болмасына негiз жоқ. Бiрақ, осы «Хан Дойбысының» кәдуiлгi дойбы ойынынан айырмашылығы неде екендiгiн де бiрiншi кезекте айтып өткен жөн болар. Хан Дойбысы - дойбы ойындарының атасы болып, бұнда қазақ хандығының, демократиялық билiк жүйесiнiң құрылымы ойын түрiнде құрылған. Хан дойбысының қарашаға жалпыласуы, қарашаның хандық демократиялық, саяси сауатын жетiлдiрiп, мемлекеттiң бiртұтас, саяси танымын қалыптастырып, арттағы жас демократтарды жетiлдiрiп, оларды болашақта алдыңғы шепке қоюға үлесiн қосады. Бiз «дойбы» сөзiн дұрыс түсiнiп алуымыз қажет. Дойбы дегенiмiз - адамзаттың ақыл ойының, өзiнiң мүддесiн асыру жолындағы саясатының төртбұрышты шағын тор көз тақтасы iшiндегi көрiнiсi болып табылмақ. Бiздiң түсiнiгiмiзде дойбы ойыны екiге бөлiнедi. Тектi және тексiз дойбы болып. Тексiз дойбы -қазiргi өзiмiздiң күнде ойнап жүрген кәдiмгi дойбы ойынымыз. Мұнда қай тас бiрiншi болып межеге жетсе, сол би бола алады. Дәл осы ойыннан қарап отырсаңыз, ешқандай да тектiлiк байқалмайды. Кiм мықты болса, сол ел басқарады деген сөз. Ал, тектi дойбы дегенiмiз - ол «Хан Дойбысы». Оның өзiнiң Ханы болады, Биi болады, Бегi болады, Алашы болады, Тентегi болады және Қарашасы болады (бұлар да шахматтағы фигуралар секiлдi). Әрқайсысының тор көз тақтада өзiнiң атқаратын мiндетi бар. Қайсысы ерлiк жасаса да, өз дәрежесiнен бiр елi де ауытқымайды. Ханы хан болып, биi би болып қала бередi. «Алтау ала болса ауыздағы кетедi, төртеу түгел болса төбедегi келедi» дегеннiң не екендiгiн бiлесiз бе? Төртеуiмiз түсiнiктi дейiк, яғни төрт құбыламыздың тең болып, тура жолдан ауытқымай жүруiмiз. Ал, алтау дегенiмiз кiм? Алтау ол - «Хан Дойбы» ойынының кейiпкерлерi. Таратып айтар болсақ: Хан, Би, Бек, Алаш, Тентек, Қараша. Ендi, жоғарыда айтып өткен мақалды талдап айтып берер болсақ, әлгi ханның айналасындағылардың барлығы қашанда басшысына құлақ асып, қилы қыстау заманда бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығаруы тиiс. Қысқасы, алтау ала болмауға тиiс. Бұл ойынға қатысушы екi адам ханның рөлiн атқарады. Ал, хан болғаннан соң, қол астыңда бiршама халық болады, сондай-ақ жауларың да болатыны сөзсiз. Алдыңдағы тор көз тақтасын ертедегi соғыс алаңы ретiнде қарайсыз. Кiмнiң ақыл-айласы жоғары болса, саяси шешендiгi басым болатын болса, сол адам жеңiске жететiнi белгiлi. Әлгi Маралтай ақынның «Шахмат деген өмiрдiң тақтасы ғой, Корольдерi тоқтамайтын мат болмай» деп жырлағаны бар емес пе? Осы өлең жолдарының «Хан Дойбыға» да қаратылып айтылатын тұстары бар. Бұл ойын түрi қасиеттi, киелi деп айтудан аулақпыз. Бiрақ, астарында шешiлмеген философиялық ойдың бұғып жатқанын байқайсыз. Шынтуайтында, қазiр тек техниканың ғана дамып жатқан заманы ғой. Ал, философияның түп негiзi пайда болғанына сан мыңдаған жыл. Мiне, осы «Хан Дойбы» ойынын сол философияның бастауына қойып қарауға болады. Жандос БАЙДIЛДА

«Хан Дойбының» тарихын қазып алдық. Алыстан емес. Алматының маңайынан. Қазiргi Алматы қаласының орналасқан аумағын ғасырлар бойы қазақтар қоныстанып келе жатқандығын жақсы бiлемiз. Ендеше «Хан Дойбының» қазақтiкi болмасына негiз жоқ. Бiрақ, осы «Хан Дойбысының» кәдуiлгi дойбы ойынынан айырмашылығы неде екендiгiн де бiрiншi кезекте айтып өткен жөн болар. Хан Дойбысы - дойбы ойындарының атасы болып, бұнда қазақ хандығының, демократиялық билiк жүйесiнiң құрылымы ойын түрiнде құрылған. Хан дойбысының қарашаға жалпыласуы, қарашаның хандық демократиялық, саяси сауатын жетiлдiрiп, мемлекеттiң бiртұтас, саяси танымын қалыптастырып, арттағы жас демократтарды жетiлдiрiп, оларды болашақта алдыңғы шепке қоюға үлесiн қосады. Бiз «дойбы» сөзiн дұрыс түсiнiп алуымыз қажет. Дойбы дегенiмiз - адамзаттың ақыл ойының, өзiнiң мүддесiн асыру жолындағы саясатының төртбұрышты шағын тор көз тақтасы iшiндегi көрiнiсi болып табылмақ. Бiздiң түсiнiгiмiзде дойбы ойыны екiге бөлiнедi. Тектi және тексiз дойбы болып. Тексiз дойбы -қазiргi өзiмiздiң күнде ойнап жүрген кәдiмгi дойбы ойынымыз. Мұнда қай тас бiрiншi болып межеге жетсе, сол би бола алады. Дәл осы ойыннан қарап отырсаңыз, ешқандай да тектiлiк байқалмайды. Кiм мықты болса, сол ел басқарады деген сөз. Ал, тектi дойбы дегенiмiз - ол «Хан Дойбысы». Оның өзiнiң Ханы болады, Биi болады, Бегi болады, Алашы болады, Тентегi болады және Қарашасы болады (бұлар да шахматтағы фигуралар секiлдi). Әрқайсысының тор көз тақтада өзiнiң атқаратын мiндетi бар. Қайсысы ерлiк жасаса да, өз дәрежесiнен бiр елi де ауытқымайды. Ханы хан болып, биi би болып қала бередi. «Алтау ала болса ауыздағы кетедi, төртеу түгел болса төбедегi келедi» дегеннiң не екендiгiн бiлесiз бе? Төртеуiмiз түсiнiктi дейiк, яғни төрт құбыламыздың тең болып, тура жолдан ауытқымай жүруiмiз. Ал, алтау дегенiмiз кiм? Алтау ол - «Хан Дойбы» ойынының кейiпкерлерi. Таратып айтар болсақ: Хан, Би, Бек, Алаш, Тентек, Қараша. Ендi, жоғарыда айтып өткен мақалды талдап айтып берер болсақ, әлгi ханның айналасындағылардың барлығы қашанда басшысына құлақ асып, қилы қыстау заманда бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығаруы тиiс. Қысқасы, алтау ала болмауға тиiс. Бұл ойынға қатысушы екi адам ханның рөлiн атқарады. Ал, хан болғаннан соң, қол астыңда бiршама халық болады, сондай-ақ жауларың да болатыны сөзсiз. Алдыңдағы тор көз тақтасын ертедегi соғыс алаңы ретiнде қарайсыз. Кiмнiң ақыл-айласы жоғары болса, саяси шешендiгi басым болатын болса, сол адам жеңiске жететiнi белгiлi. Әлгi Маралтай ақынның «Шахмат деген өмiрдiң тақтасы ғой, Корольдерi тоқтамайтын мат болмай» деп жырлағаны бар емес пе? Осы өлең жолдарының «Хан Дойбыға» да қаратылып айтылатын тұстары бар. Бұл ойын түрi қасиеттi, киелi деп айтудан аулақпыз. Бiрақ, астарында шешiлмеген философиялық ойдың бұғып жатқанын байқайсыз. Шынтуайтында, қазiр тек техниканың ғана дамып жатқан заманы ғой. Ал, философияның түп негiзi пайда болғанына сан мыңдаған жыл. Мiне, осы «Хан Дойбы» ойынын сол философияның бастауына қойып қарауға болады.

Жандос БАЙДIЛДА

Бөлісу: