Ерекше туынды (видео)

17 Наурыз 2013, 08:13

Қытайдың Хубэй провинциясында жас өнерпаздар таң қалдыруда. Ван Уэ есімді бойжеткен жануарлардың бейнесін ағаштарға салып, тамаша экспозицияларымен бөлісті. Бұл туындылардың бір ерекшелігі – суреттер қағаз бетіне салынып, көрмеге қойылып жатқан жоқ. Студенттің еңбектері күнделікті коретін көшедегі ағаштарға салынған. 23 жастағы дарынды әуеcқойдың айтуынша, жолда кетіп бара жатқан әр жүргінші суреттерді көріп қуанып қалады. Бір қызығы бұл безендірілген шырша тәрізді әсер қалдырады. Ол әр суретке шамамен төрт сағат уақыт кететіндігін айтты. Сондай- ақ жас өнерпаз халыққа өзінің шығармашылық еңбектерімен қоршаған ортаны қорғау және экологияның нашарлану проблемасына аса назар аударылу қажет деген ойын жеткізбек.

Бөлісу: