15 Наурыз 2013, 15:58
Шымкентте күрестің үш түрінен өтіп жатқан кезекті Қазақстан чемпионатының алғашқы күндері боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шығып, өзара мықтыны анықтады.
7 салмақ дәрежесі бойынша өткізілген жарыстың жалпы есебінде 2 алтын, 1 қола жүлдесі бар Жамбыл облысының спортшылары топ бастады. Жекелей көрсеткіштерден 74 келіде қостанайлық Мақсат Ережепов жеңімпаз атанса, 96 келіде қарағандылық Ерұлан Есқақов барлық қарсыласынан басым түсті. Жарыс қорытындысы бойынша сәуір айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатына қатысан Ұлттық құрама жасақталды.