Қостанайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалы құрылады

15 Наурыз 2013, 15:42

Қостанай облысының стратегиялық жағдайын ескере отырып, Ресеймен шекаралық аймақтағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру, репариант-оралмандарға байланысты бейімдеу және интеграциялану саясатын жетілдіруге, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы шешімдерін орындау қажеттілігіне орай Қостанайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалын ашу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қауымдастықтың сайты хабарлап отыр. Филиал жетекшісі қызметіне белгілі журналист Жәрімбетова Нәзира Қыпшақбайқызы ұсынылды. Ол соңғы төрт жылда қауымдастықпен бірлесіп белсенді түрде жұмыс істеп келеді, Ресей Федерациясындағы Челяби, Түмен, Томск облыстарындағы қазақ мәдени орталықтарында өткізілген іс-шараларға белсенді атсалысады. Нәзира Қыпшақбайқызы республикалық және жергілікті бұқараттық ақпарат құралдарында диаспора тақырыбын қозғау арқылы қауымдастықтың жұмысына қолқабыс көрсетіп отырады. Ол Ресей Федерациясының шекара маңында орналасқан облыс мұражайларда болып, қазақ тарихына қатысты зерттеу жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Бұдан бұрын қауымдастықтың филиалы Павлодар, Өскемен, Петропавл, Орал, Атырау, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе және Астана қалаларында құрылған болатын.

Қостанай облысының стратегиялық жағдайын ескере отырып, Ресеймен шекаралық аймақтағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру, репариант-оралмандарға байланысты бейімдеу және интеграциялану саясатын жетілдіруге, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы шешімдерін орындау қажеттілігіне орай Қостанайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалын ашу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қауымдастықтың сайты хабарлап отыр.

Филиал жетекшісі қызметіне белгілі журналист Жәрімбетова Нәзира Қыпшақбайқызы ұсынылды. Ол соңғы төрт жылда қауымдастықпен бірлесіп белсенді түрде жұмыс істеп келеді, Ресей Федерациясындағы Челяби, Түмен, Томск облыстарындағы қазақ мәдени орталықтарында өткізілген іс-шараларға белсенді атсалысады. Нәзира Қыпшақбайқызы республикалық және жергілікті бұқараттық ақпарат құралдарында диаспора тақырыбын қозғау арқылы қауымдастықтың жұмысына қолқабыс көрсетіп отырады. Ол Ресей Федерациясының шекара маңында орналасқан облыс мұражайларда болып, қазақ тарихына қатысты зерттеу жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді.

Бұдан бұрын қауымдастықтың филиалы Павлодар, Өскемен, Петропавл, Орал, Атырау, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе және Астана қалаларында құрылған болатын.

Бөлісу: