Ақмоланың даму жолдары

15 Наурыз 2013, 09:07

1880 жылдары қала біршама өсті: сауданың көлемі ұлғайды, халықтың саны өсті. 1881 жылдың  25 ақпанында қала басшысы Хлебников Қалалық Дума отырысында, Томск губерниясының кіші жер өлшеушісі Трофимовтың құрған Ақмола қаласының жобаланған жоспарын қарастыруға ұсынды.  Бұл қаланың бірінші ресми бекітілген  бас жоспары болды. Онда көрсетілгендей, Ақмола бірнеше бөліктерден тұрды: слободалар, ордалар, бекіністер және қаланың өзі. Ордалар, слободкалар және бекіністер жоспарда  тік сызықты сеткалы көшелермен бар кішігірім тікбұрышты кварталдармен көрсетілді.  Осы жоспар бойынша, барлығы 38  ірі кварталдар,  слободкада-17, ордада- 44 және қамалдарда- 16 жобаланды. Қаланы кеңейту үшін, құрылыс салынбаған аймақтарда 34 квартал салу жоспарланды. Қосымшада көрсетілгендей, жоспарға, міндетті түрде «... базар алаңындағы он үш  орын корпустарын және майда-шүйде сатуға арналған жеті кварталдарды алып тастап, орнына орын үшін төртбұрышты тас корпустар салу ..  »  Қазіргі кездегі мола орналасқан (орталықта, базар алаңында - автордың қолдануы бойынша) жерге церковь салу белгіленіп, ал мола жоспарда көрсетілген жаңа, биік орынға көшірілуі керек. Қаланы қаланың орны ретінде әскери слободкасы бар қалалық құрылыспен біріктіру керек. Халықты орналастыру үшін өте ыңғайлы жерде дұрыс кварталдармен салуды жоспарлаған. Жергілікті жер, күн қызуы көп мөлшерде түсетін, біршама пайызы құмнан тұратын , егін егуге қолайсыз, құрылысқа бейімделген болып табылады. 1881 жылғы бас жоспар бойынша қамал бұрынғысынша Ақмола қаласының негізі болвп қала берді. Нақты функционалды аймақтар жалпы орталықтар, қамал және сауда алаңдарының негізі болып сақталып қалды. Жаңа қоғамдық әкімшілік ғимараттар бекіністерге және сауда орындарына жақын кварталдарға салынып, ал оның айналасы тұрғын үйлер салатын орындарға айналды. Бұл уақытта Ақмолада ірі өндіріс орындары болмады. Кішігірім шеберханалар мен қолөнер шеберлерінің шеберханалары азаматтардың үйлерінде орналасты, ал қалғандары, жаңадан салынатын аймаққа орналасуды көздеді. Осыған байланысты Ақмоланың өндірістік аймағы өткен ғасырдың басында біршама кешірек дамыды. Дегенмен,  1896 жылы Ақмолада мал шаруашылығы мен айналысу басталды. «Кәсіпорын қоғамық болды.» және оны жергілікті қалалық билік басқарды. 1902  жылы  қалада бес завод: бір сабын қайнататын және төрт сала сақтайтын болды. Бірінші Жалпыресейлік халық санағы бойынша 1897 жылы  Ақмола облысында 9688 адам тұрды, оның  5075 еркек,  4613 әйел, 34 шетел азаматтары. Тапқа бөлінуге келсек, қалада 139 дворян,  33 дін басылары, 85 саудагер,  2800 мщяндар, 1829 шаруалар,  3936 басқа ұлттар. Және бір жарым мың адам кішігірім таптан болды. XIX ғасырдың 80 -90 жылдары жалпы қоғамдық әкімшілік және тұрғын аймағы демалу аймағы болып қайта құрылады. Бекініс үйінділері аймағындағы бос жерлерде бақшалар салу 1876 жылғы бас жоспарда көрсетілген болатын, Қалалық Думаның шешімі бойынша бекініс үйінділері қазылып, солтүстік-батыс бөлігін әскери бақтың еншісіне берді. 1893 жылы Есіл өзенінде Шығыс бекінісі қалалық баққа айналдырылды.  1899 жылы  өзеннің басқа жағалауында жазғы ағаштар отырғызылды. Осылайша Ақмоланың жасыл аймағы құралып, біздің күнге дейін сақталып келеді. XIX ғасырдың аяғында  XX ғасыр басында қала құрылысы қатаң түрде бекітілген жобалармен, Трофимовтың бас жоспарына сәйкес жүргізіле бастады.  Жерді құрылыс нысандарына беру туралы шешім қалалық Думаның келісімімен , ал ең шырайлы жер учаскелері сауда арқылы берілді. 1910 жылдан кейін Ақмолада қаланың бас архитекторының міндеті енгізілді. Ақмоланы бірінші болып құрылысын салған Адольф Павлович болды. Дереккөзі: Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған портал

1880 жылдары қала біршама өсті: сауданың көлемі ұлғайды, халықтың саны өсті. 1881 жылдың  25 ақпанында қала басшысы Хлебников Қалалық Дума отырысында, Томск губерниясының кіші жер өлшеушісі Трофимовтың құрған Ақмола қаласының жобаланған жоспарын қарастыруға ұсынды.

 Бұл қаланың бірінші ресми бекітілген  бас жоспары болды. Онда көрсетілгендей, Ақмола бірнеше бөліктерден тұрды: слободалар, ордалар, бекіністер және қаланың өзі. Ордалар, слободкалар және бекіністер жоспарда  тік сызықты сеткалы көшелермен бар кішігірім тікбұрышты кварталдармен көрсетілді.  Осы жоспар бойынша, барлығы 38  ірі кварталдар,  слободкада-17, ордада- 44 және қамалдарда- 16 жобаланды. Қаланы кеңейту үшін, құрылыс салынбаған аймақтарда 34 квартал салу жоспарланды. Қосымшада көрсетілгендей, жоспарға, міндетті түрде «... базар алаңындағы он үш  орын корпустарын және майда-шүйде сатуға арналған жеті кварталдарды алып тастап, орнына орын үшін төртбұрышты тас корпустар салу ..  »  Қазіргі кездегі мола орналасқан (орталықта, базар алаңында - автордың қолдануы бойынша) жерге церковь салу белгіленіп, ал мола жоспарда көрсетілген жаңа, биік орынға көшірілуі керек. Қаланы қаланың орны ретінде әскери слободкасы бар қалалық құрылыспен біріктіру керек. Халықты орналастыру үшін өте ыңғайлы жерде дұрыс кварталдармен салуды жоспарлаған. Жергілікті жер, күн қызуы көп мөлшерде түсетін, біршама пайызы құмнан тұратын , егін егуге қолайсыз, құрылысқа бейімделген болып табылады.

1881 жылғы бас жоспар бойынша қамал бұрынғысынша Ақмола қаласының негізі болвп қала берді. Нақты функционалды аймақтар жалпы орталықтар, қамал және сауда алаңдарының негізі болып сақталып қалды. Жаңа қоғамдық әкімшілік ғимараттар бекіністерге және сауда орындарына жақын кварталдарға салынып, ал оның айналасы тұрғын үйлер салатын орындарға айналды. Бұл уақытта Ақмолада ірі өндіріс орындары болмады. Кішігірім шеберханалар мен қолөнер шеберлерінің шеберханалары азаматтардың үйлерінде орналасты, ал қалғандары, жаңадан салынатын аймаққа орналасуды көздеді. Осыған байланысты Ақмоланың өндірістік аймағы өткен ғасырдың басында біршама кешірек дамыды. Дегенмен,  1896 жылы Ақмолада мал шаруашылығы мен айналысу басталды. «Кәсіпорын қоғамық болды.» және оны жергілікті қалалық билік басқарды. 1902  жылы  қалада бес завод: бір сабын қайнататын және төрт сала сақтайтын болды.

Бірінші Жалпыресейлік халық санағы бойынша 1897 жылы  Ақмола облысында 9688 адам тұрды, оның  5075 еркек,  4613 әйел, 34 шетел азаматтары.

Тапқа бөлінуге келсек, қалада 139 дворян,  33 дін басылары, 85 саудагер,  2800 мщяндар, 1829 шаруалар,  3936 басқа ұлттар. Және бір жарым мың адам кішігірім таптан болды. XIX ғасырдың 80 -90 жылдары жалпы қоғамдық әкімшілік және тұрғын аймағы демалу аймағы болып қайта құрылады. Бекініс үйінділері аймағындағы бос жерлерде бақшалар салу 1876 жылғы бас жоспарда көрсетілген болатын, Қалалық Думаның шешімі бойынша бекініс үйінділері қазылып, солтүстік-батыс бөлігін әскери бақтың еншісіне берді. 1893 жылы Есіл өзенінде Шығыс бекінісі қалалық баққа айналдырылды.  1899 жылы  өзеннің басқа жағалауында жазғы ағаштар отырғызылды. Осылайша Ақмоланың жасыл аймағы құралып, біздің күнге дейін сақталып келеді.

XIX ғасырдың аяғында  XX ғасыр басында қала құрылысы қатаң түрде бекітілген жобалармен, Трофимовтың бас жоспарына сәйкес жүргізіле бастады.  Жерді құрылыс нысандарына беру туралы шешім қалалық Думаның келісімімен , ал ең шырайлы жер учаскелері сауда арқылы берілді. 1910 жылдан кейін Ақмолада қаланың бас архитекторының міндеті енгізілді.

Ақмоланы бірінші болып құрылысын салған Адольф Павлович болды.

Дереккөзі: Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған портал

Бөлісу: