15 Наурыз 2013, 08:51
«Академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мұражай 1964 жылы қыркүйек айында қоғамдық негізде ұйымдастырылып, 1967 жылдан бастап мемлекеттік басқарма қарамағында жұмыс істейді.
Қазіргі кезде мұражай 1973 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан. 1989 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай әкімшілік ғимарат, қор бөлмесі мен 60 орынға арналған кинозал салынды. Мұражай құрылымына М.Ж.Көпеев пен С.Торайғыров мемориалдық мұражайлары кіреді. Бұл мұражайлардың типтік ғимараттары 1993 жылы салынған.
Мұражайдың жалпы көлемі - 643.1 шаршы метр.
Жәдігерлердің жиыны – Қаныштың киген киімдері, құжаттарының көшірмелері, фотосуреттері, материалдары, академиктің өмір жолы мен ғылыми қызметі жөніндегі зерттеу жұмыстарынан құралған.
Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы бүгінгі күні жастарды тәрбиелеуде үлесін қосатын, ғалымының рухани мұрасының ошағы. Мұражайға ауданның мектеп оқушылары, лицей студенттері, алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар келеді.
«Шарбақты тарихи – өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Шарбақты тарихи-өлкетану музейі өз қызметін 1999 жылдың қыркүйек айынан бастады. Музейдің негізгі мақсаты - ғылыми–зертеу және ағартушылық, жинақтау, сақтау, көрме-экспозициялық қамтамасыз ету, тарих ескерткіштерін және мәдениетін сақтауға көмектесу.
Тарих және мәдениет туралы материалдарды жариялау, зерттеулерді сақтау.
Облыстың және аудан тұрғындарының рухани және моралдық әлеуетін дамыту және көмек көрсету;
Музейде жеке заттар, фото және бейне таспа материалдары, ауданның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, тарихы, ауданда тұратын халықтың тұрмысы мен салт–дәстүрі, қоныс аударушылардың тұрмыстық заттары жинақталған.
Әр жылғы музейге келушілердің саны 6000 асады, 40-тан астам көрме ұйымдастырылуда, оның ішінде 10 қозғалмалы көрме, 100 шақты шара, 40-тан астам дәріс, оның 10-ы ауылдарда өткізілді.
Музейде 2006 жылдан бастап дәріс–көрме залы жұмыс істейді, онда «дөңгелек үстел», жергілікті суретшілердің көрмелері, халықтық қолданбалы өнері жұмыстарының көрмелері, дәрістер мен түрлі шаралар, конкурстар, әдеби викториналар, кездесу кеші өткізіледі.
Музейде Павлодар облысының, алыс-жақын шетел, жергілікті авторлардың кітаптары, облыстық және жергілікті ән орындаушыларының және халық шығармашылығы жарияланады.
Бұхар жырау атындағы музей, Павлодар Потанин атындағы музей, көркем-сурет музейі, Н.Шафердің музей-үйі, Семей көркемдік музейі, Құлынды тарихи-өлкетану музейі, Славгорд музейі (Ресей) аталмыш музейдің әріптестері.
Музейде 5 зал бар:
- этнографиялық зал;
- тарих залы;
- өсімдіктер мен жануарлар залы;
- көші-қон үйі (екі кішкене бөлмеден тұрады);
- дәріс-көрме залы
Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі