Павлодар облысының білім беру басқармасы

15 Наурыз 2013, 06:44

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі білім беру саласында мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған уәкілеттілік шегінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.  Білім беру басқармасы құрылымдық бөлімшелерінің жүйесіне облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты, ақпараттық технологиялар орталығы, дене тәрбиесінің аймақтық оқу-тәжірибелік орталығы, облыстық медициналық-психологиялық-педагогикалық кеңесі (оның жанында 11 түзету кабинеттері және 3 қалалық комиссиясы), «Ертіс дарыны» аймақтық оқу-тәжірибелік орталығы жатады. Басқарманың басымды міндеті – білім беруді жетілдіру шарттарында облыс көлеміндегі басқарманың тиімділігін қамтамасыз ету, жергілікті орындарда басқарманың деңгейін арттыруға көмек көрсету. Басқарма жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі қызметтерді жүзеге асырады: - білім беруді дамытудың стратегиялық, ортамерзімді жоспарларды, облыста білім беруді дамыту жөніндегі бюджеттік және облыстық бағдарламаларды  әзірлейді және іске асырады; - қолданыстағы бағдарламаларды іске асыру мониторингісінің білім беру саласында тұрғындардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі және білім беру жүйесінің талдауы жағдайы негізінде облыстың білім беру жүйесін басқару тиімділігі жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және іске асырылады. Басқарманың негізгі органы алқа мәжілісі болып табылады. Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес 2009 жылы 4 алқа мәжілісі даярланды және жүргізілді. Алқа мәжілістерінде төмендегі сұрақтар қарастырылды: «2008 жылғы білім беру жүйесі қызметінің қорытындылары және одан әрі дамуының перспективалары туралы» (қаңтар); Қазақстан Республикасының «ҚР тіл туралы» Заңын және білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарында тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» (сәуір); «Білім беру ұйымдарының 12 жылдық мерзімді оқуға көшуге дайындық барысы туралы» (наурыз); «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстардың қорытындылары туралы» (наурыз); «ҰБТ және бітіру емтиханына дайындықтың барысы туралы» (мамыр); «Орта мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы» (маусым). Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерімен өзара байланыс жасау есептеу жүйесі, алқа мәжілістерде, кеңестерде мәселелерді талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті жердегі істің жағдайын зерделеу және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы негізде кешенді және тақырыптық тексерістер, білім беру басқармасының бақылау күндері тұрақты жүргізіледі. ҚР білім беру жүйесін дамыту Концепциясын қабылдау, мазмұнын жаңарту бағытында мектептер, білім беру басқармасы органдарының жұмысында жаңа басымдылықтарды белгіледі. Жаңа оқу жылының басты мәселелері бағдар алды дайындықтың бағдарламалардың әзірленуі, бағдарлы оқыту бойынша экспериментті ұйымдастыру болып табылады. Павлодар облысының білім беру басқармасы жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары: -  мектепке дейінгі білім беруде – қолжетімді және сапалы    мектепке дейінгі білім алу, мектепте ойдағыдай білім алудың негізі ретінде балаларды дене және психикалық жағынан толық дамыту үшін бастапқы тең шарттарды қамтамасыз ету; - жалпы орта білім беруде – материалдық-техникалық базаны жетілдіру, педагог кадрлардың сапалы құрамын арттыру, 12 жылдық оқытуға көшуді ескере отырып кәсіптік шеберлікті дамыту үшін жағдай және механизмдерді жасау; - техникалық және кәсіптік білім беруде - әлеуметтік серіктестікті кеңейту, еңбек нарығын білікті кадрлармен толықтыру негізінде аймақтың қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік білім берудің тиімділігін арттыру механизмдерін қалыптастыру; - балалар мен жастарға қосымша білім беруде – жеке тұлғаны шығармашылық жағынан білім алу мақсатында балалық шақ ресурстарын тиімді пайдалану, әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасау; - рухани-адамгершілік, азаматтық тәрбие мен құқықтық білім беруде - оқушылар мен жастардың ынтасын, еркіндігін, азаматтық ұстанымын, өздігінен үнемі дамуын  қалыптастыруда оқу-тәрбиелік үдерісінің білім алу мүмкіндіктерін іске асыру; - білім беру ортаны ақпараттандыруда - оқушылар мен мұғалімдердің құзырлығын ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы қалыптастыру; - оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда – ведомствоаралық құрылымдарды біріктіру: ғылым, білім беру, денсаулықты сақтау, денсаулық сақтау жағдайларын қалыптастыратын әлеуметтік қызметтерді нығайту; - дарынды балалармен және жастармен жұмыс жасауда –интеллектуалдық және шығармашылық қызметтің түрлі саласында дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, дамыту және қолдаудың бірыңғай жүйесін құру үшін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету. Дереккөзі: Павлодар облысының білім беру басқармасы

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі білім беру саласында мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған уәкілеттілік шегінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 

Білім беру басқармасы құрылымдық бөлімшелерінің жүйесіне облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты, ақпараттық технологиялар орталығы, дене тәрбиесінің аймақтық оқу-тәжірибелік орталығы, облыстық медициналық-психологиялық-педагогикалық кеңесі (оның жанында 11 түзету кабинеттері және 3 қалалық комиссиясы), «Ертіс дарыны» аймақтық оқу-тәжірибелік орталығы жатады.

Басқарманың басымды міндеті – білім беруді жетілдіру шарттарында облыс көлеміндегі басқарманың тиімділігін қамтамасыз ету, жергілікті орындарда басқарманың деңгейін арттыруға көмек көрсету.

Басқарма жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:

- білім беруді дамытудың стратегиялық, ортамерзімді жоспарларды, облыста білім беруді дамыту жөніндегі бюджеттік және облыстық бағдарламаларды  әзірлейді және іске асырады;

- қолданыстағы бағдарламаларды іске асыру мониторингісінің білім беру саласында тұрғындардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі және білім беру жүйесінің талдауы жағдайы негізінде облыстың білім беру жүйесін басқару тиімділігі жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және іске асырылады.

Басқарманың негізгі органы алқа мәжілісі болып табылады. Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес 2009 жылы 4 алқа мәжілісі даярланды және жүргізілді. Алқа мәжілістерінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:

«2008 жылғы білім беру жүйесі қызметінің қорытындылары және одан әрі дамуының перспективалары туралы» (қаңтар);

Қазақстан Республикасының «ҚР тіл туралы» Заңын және білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарында тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» (сәуір);

«Білім беру ұйымдарының 12 жылдық мерзімді оқуға көшуге дайындық барысы туралы» (наурыз);

«Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстардың қорытындылары туралы» (наурыз);

«ҰБТ және бітіру емтиханына дайындықтың барысы туралы» (мамыр);

«Орта мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы» (маусым).

Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерімен өзара байланыс жасау есептеу жүйесі, алқа мәжілістерде, кеңестерде мәселелерді талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті жердегі істің жағдайын зерделеу және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы негізде кешенді және тақырыптық тексерістер, білім беру басқармасының бақылау күндері тұрақты жүргізіледі.

ҚР білім беру жүйесін дамыту Концепциясын қабылдау, мазмұнын жаңарту бағытында мектептер, білім беру басқармасы органдарының жұмысында жаңа басымдылықтарды белгіледі. Жаңа оқу жылының басты мәселелері бағдар алды дайындықтың бағдарламалардың әзірленуі, бағдарлы оқыту бойынша экспериментті ұйымдастыру болып табылады.

Павлодар облысының білім беру басқармасы жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары:

-  мектепке дейінгі білім беруде – қолжетімді және сапалы    мектепке дейінгі білім алу, мектепте ойдағыдай білім алудың негізі ретінде балаларды дене және психикалық жағынан толық дамыту үшін бастапқы тең шарттарды қамтамасыз ету;

- жалпы орта білім беруде – материалдық-техникалық базаны жетілдіру, педагог кадрлардың сапалы құрамын арттыру, 12 жылдық оқытуға көшуді ескере отырып кәсіптік шеберлікті дамыту үшін жағдай және механизмдерді жасау;

- техникалық және кәсіптік білім беруде - әлеуметтік серіктестікті кеңейту, еңбек нарығын білікті кадрлармен толықтыру негізінде аймақтың қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік білім берудің тиімділігін арттыру механизмдерін қалыптастыру;

- балалар мен жастарға қосымша білім беруде – жеке тұлғаны шығармашылық жағынан білім алу мақсатында балалық шақ ресурстарын тиімді пайдалану, әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасау;

- рухани-адамгершілік, азаматтық тәрбие мен құқықтық білім беруде - оқушылар мен жастардың ынтасын, еркіндігін, азаматтық ұстанымын, өздігінен үнемі дамуын  қалыптастыруда оқу-тәрбиелік үдерісінің білім алу мүмкіндіктерін іске асыру;

- білім беру ортаны ақпараттандыруда - оқушылар мен мұғалімдердің құзырлығын ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы қалыптастыру;

- оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда – ведомствоаралық құрылымдарды біріктіру: ғылым, білім беру, денсаулықты сақтау, денсаулық сақтау жағдайларын қалыптастыратын әлеуметтік қызметтерді нығайту;

- дарынды балалармен және жастармен жұмыс жасауда –интеллектуалдық және шығармашылық қызметтің түрлі саласында дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, дамыту және қолдаудың бірыңғай жүйесін құру үшін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету.

Дереккөзі: Павлодар облысының білім беру басқармасы

Бөлісу: