Павлодар облысының геологиялық объектілері

15 Наурыз 2013, 06:38

Облыс аумағында республикалық және халықаралық мәндегі мемлекеттік табиғи қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілері бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құнды болып табылады, және ерекше табиғи қорғалатын табиғи территория санатына енген. Республикалық мәндегі объектілерге: Драверта үңгірі, Құмыра үңгірі Әулие және Қоңыр әулие үңгірлері, Әулибұлақ, Телебұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Тас кереметтері шатқалдары, Рахай және үшсала шатқалдары. Қоңыр Әулие үңгірі. «Қоңыр Әулие» атауы жердің жануарлар мен құстар әлемін қорғаушысының Ной (Нұх) Пайғамбар заманынан бар. Бүкіләлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отрып, пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттеді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып жұлынып кетті. Бұл Қызыл Тау маңында болған (сондай-ақ Әулие тау деп те атйды). Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылды. Су қайта бастағап, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірке келді де, ол осы жерде қоныстанды Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан, осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жауз қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақытта болмасын үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен қонуға әйелдер келетін, және осы арманы шынымен де орындалатын. Қазір үңір мыңдаған туристердің келетін жері. Үңгірден Баяауыл ұлттық табиғи паркі қорының керемет жерінің көрінісі ашылғандай. Қоңыр Әулие үңіріне көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң жасақталды. Үңгірдіғң жалпы ұзындығы 30 метр, үңгір екі камерадан тұрады. Найзатас шыңы. Соғыс пен шабуыл кезінде күндіз-түні Найзатас шыңынан тұрғындар тауларға беталыстарды бақылап отырған. Мыңдаған адамдар мен ауылдар шабуыл мен соғыстардан қорғану үшін таулы аймақтарда мекендеген. Шың басына тек бір жолмен көтерілуге болады. 700 метр биіктікте белдік тектеса Қазан орналасқан, қазан ішінде суы бар. Шың найза пішінді, сол себептен шыңды Найзатас деп атайды. Кемспіртас шыңы туристердің ең көп барватын объектісі болып табылады. Кемпіртас шыңының бірегейлігі оны табиғаттың өзі жел, күн, және су күштерімен, ертегідегі Жалмауыз Кемпір (Кемпіртас) образын ұштап жаратқаны. Кемпіртас шыңы Торайғыр көлінен Жасыбай көліне қараған жолдағы биіктеген нүктелерден көрінеді. Саймантас шыңдары. «Саймантас» шыңдары осындағы демалушылардың ең сүйікті орындарының бірі. «Тас ғажайыптарының алқабы» деп «Ат басы», «Ожаутас», «Тақиятас» шыңдары аталып кеткен. Тас колонналар адам ағзасының сәби шағынан бастап кәрі шағына дейінгі эволюциясын көрсетеді. Бұл ғажайып - табиғат жаратылысы. Жасыбай батыр қабірі (XVIII ғ.) - қазақ халқы үшін ескерткіш орындарының бірі. Ол тарих тарихта таңбаланған дәуір «Ақтабан - шұбырындыны» - «Ұлы жұт жылдарын» еске салады. «Жазуы бар тастар» - түсініксіз таңбалар, суреттер, тотемдер. Адамдар бұларға ерте кезден-ақ күтпеген және әртүрлі жерлерде тап болған. Олардың пайда болуы мен мәнін түсінбеген соң, адамдардың қиялы тастарды магиялық күшке бөлеген, оларға мистикалық мән берген. Адам бұл жерлерден аулақ болуға тырысқан. Жазулардан15 фигураны көруге болады, олардың ішіндегі 10-ы әртүрлі тұрыстағы адамдардың бейнесі, үшеуі күмәнсіз ер адамдарға тиесілі. Күмбездер мен қабырғалар тазалығымен ерекшеленеді. Бұл табынуға арналған заттарды сақтау орны ретінде болған. Дөңестегі суреттер діни немесе магиялық мәнде болған. Көршілес үңгірлер кең әрі сыйымды, мекендеуге әлдеқайда жақсы тұрақ. Дереккөзі: Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Облыс аумағында республикалық және халықаралық мәндегі мемлекеттік табиғи қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілері бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құнды болып табылады, және ерекше табиғи қорғалатын табиғи территория санатына енген. Республикалық мәндегі объектілерге: Драверта үңгірі, Құмыра үңгірі Әулие және Қоңыр әулие үңгірлері, Әулибұлақ, Телебұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Тас кереметтері шатқалдары, Рахай және үшсала шатқалдары.

Қоңыр Әулие үңгірі. «Қоңыр Әулие» атауы жердің жануарлар мен құстар әлемін қорғаушысының Ной (Нұх) Пайғамбар заманынан бар. Бүкіләлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отрып, пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттеді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып жұлынып кетті. Бұл Қызыл Тау маңында болған (сондай-ақ Әулие тау деп те атйды). Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылды. Су қайта бастағап, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірке келді де, ол осы жерде қоныстанды Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан, осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жауз қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақытта болмасын үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен қонуға әйелдер келетін, және осы арманы шынымен де орындалатын.

Қазір үңір мыңдаған туристердің келетін жері. Үңгірден Баяауыл ұлттық табиғи паркі қорының керемет жерінің көрінісі ашылғандай. Қоңыр Әулие үңіріне көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң жасақталды. Үңгірдіғң жалпы ұзындығы 30 метр, үңгір екі камерадан тұрады.

Найзатас шыңы. Соғыс пен шабуыл кезінде күндіз-түні Найзатас шыңынан тұрғындар тауларға беталыстарды бақылап отырған. Мыңдаған адамдар мен ауылдар шабуыл мен соғыстардан қорғану үшін таулы аймақтарда мекендеген. Шың басына тек бір жолмен көтерілуге болады. 700 метр биіктікте белдік тектеса Қазан орналасқан, қазан ішінде суы бар. Шың найза пішінді, сол себептен шыңды Найзатас деп атайды.

Кемспіртас шыңы туристердің ең көп барватын объектісі болып табылады. Кемпіртас шыңының бірегейлігі оны табиғаттың өзі жел, күн, және су күштерімен, ертегідегі Жалмауыз Кемпір (Кемпіртас) образын ұштап жаратқаны. Кемпіртас шыңы Торайғыр көлінен Жасыбай көліне қараған жолдағы биіктеген нүктелерден көрінеді.

Саймантас шыңдары. «Саймантас» шыңдары осындағы демалушылардың ең сүйікті орындарының бірі. «Тас ғажайыптарының алқабы» деп «Ат басы», «Ожаутас», «Тақиятас» шыңдары аталып кеткен. Тас колонналар адам ағзасының сәби шағынан бастап кәрі шағына дейінгі эволюциясын көрсетеді. Бұл ғажайып - табиғат жаратылысы.

Жасыбай батыр қабірі (XVIII ғ.) - қазақ халқы үшін ескерткіш орындарының бірі. Ол тарих тарихта таңбаланған дәуір «Ақтабан - шұбырындыны» - «Ұлы жұт жылдарын» еске салады.

«Жазуы бар тастар» - түсініксіз таңбалар, суреттер, тотемдер. Адамдар бұларға ерте кезден-ақ күтпеген және әртүрлі жерлерде тап болған. Олардың пайда болуы мен мәнін түсінбеген соң, адамдардың қиялы тастарды магиялық күшке бөлеген, оларға мистикалық мән берген. Адам бұл жерлерден аулақ болуға тырысқан. Жазулардан15 фигураны көруге болады, олардың ішіндегі 10-ы әртүрлі тұрыстағы адамдардың бейнесі, үшеуі күмәнсіз ер адамдарға тиесілі. Күмбездер мен қабырғалар тазалығымен ерекшеленеді. Бұл табынуға арналған заттарды сақтау орны ретінде болған. Дөңестегі суреттер діни немесе магиялық мәнде болған. Көршілес үңгірлер кең әрі сыйымды, мекендеуге әлдеқайда жақсы тұрақ.

Дереккөзі: Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу: