15 Наурыз 2013, 05:15
Орташа алғанда, әрбір адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйықтау барысында мидың белсендігі барынша азайып, сезіну реакциясы төмендейді.
Ұйқының қанбауы өмір сапасына кері әсер ететіндігі де дәлелденді: әзілдей білу қабілеті жоғалады, ашуланшақтық, бір проблема аясында ғана ойлау пайда болады. Ұйқының 4 сағатын жоғалтудың өзі сезіну қабілетін 45 пайызға төмендетеді. Есте сақтау қабілеті нашарлап, түрлі сырқаттардың асқыну қаупі туындайды.