Облыстағы кен орындары

14 Наурыз 2013, 09:55

Облыста бірнеше алтын кені бар. Солардың кейбіреуін атасақ, Бақсы кеніші қоры жөнінен орташа, ондағы алтын қоры —  1,5 пайыз, күміс — 5,56 г/т., мыс — 1 пайыз. Солтүстік Байлюсти кеніші — қоры жөнінен орташа. Ондағы алтын — 49 г/т, 112 килограмм металл қоры бар. Домбыралы-2 кеніші – қоры жөнінен ұсақ. Ондағы алтын қоры 7,3 — 14,2 г/т.,  140 килограмм күміс қоры бар "Қазалтын" тресі зерттеген.  Матсор кеніші қоры жөнінен ұсақ. Ондағы алтын қоры — күміс 108 г/т. 63 килограмм алтын және 2200 килограмм күміс қоры бар. Төртқұдық бкеніші пайдаланылды. Басқа да алтын кеніштері бар, олардың көбі облыстың оңтүстік-шығыс жағында. Бүған қоса осы металл 70-ке жуық орыннан көрінді, мәселен, Есіл ауданындағы Явленка селосының іргесінен. Вольфрам алынатын шеелит кендері Айыртау ауданындағы Баян кенішінде шоғырланған. Республиканың баланс қорындағы оның үлесі 3,1 пайызға тең. Онда 0,35 пайыз оксид вольфрамы бар. Молибден күшті металл болып табылады. Өйткені ол турбиналар мен бу қазандықтары өндірісінде қолданылады, қару ұңғылары, танк броні, снарядтар жасалады. Бұл минерал дербес кенішті құрамай, вольфрам мен уран кеніштерінде ілеспе компоненттер түрінде кездеседі. Сондықтан молибден өндірудің пайдасы бар. Өңірімізде бірнеше мыс шығатын орындар бар. Солардың бірі — Имантау (оның батыс жағалауындағы ежелгі кеніш әлі тұр). Бақсы мыс-алтын кеніші қосымша зерттеуді талап етеді. Сөз жоқ, Чкалов мыс-никель кеніші де пайдасыз емес. Қорғасынға келетін болсақ, ол Ефимов кенішінде бар. Солтүстік Қазақстанда құрылыс материалдарының қоры қисапсыз көп. Олар сан алуан, қазіргі құрылыс ие. Ұсатылған ұсақ тастардың да пайдасы аз емес. Облыс аумағында ұсақ тастар көп-ақ. Сергеевкадағы кен орны қазіргі уақытта жұмыс істемей тұр. Оның қоры 5684 мың текше метр. Жаман Сопка кен орнының қоры 11332 мың текше метр. Дәуіт кен орнының қоры 157745 мың текше метр. Қызылту немесе Чкалов кен орнының қуаты 4664 мың текше метр. Өңірімізде барлығы құрылыс тасын өндіретін 30 орын барланды және бағаланды. Бетон және силикат бұйымдарын жасауға жарамды құрылыс құмының 50-ге жуық орны бар. Олар сылақ және әрлеу жұмыстарында пайдаланылады. Ең ірілері — Қарлыға, Новопавловка, Новоникольское, Руслово және Айсора кен орындары. Булаев, Молодежный, Алабота және басқа кен орындарының балшығы керамзит түйіршіктерін алуға пайдаланылады. Фарфордың жекелеген сорттарын өндіруге жарамды отқа төзімді балшық Многоцветное кен орнында, оған қоса түрлі керамикалық бұйымдар, соның ішінде кірпіштер шығаруға жарамды балшықтың 145 орны бар. Солтүстік Қазақстанда бағалы металл емес тау-кен шикізаты — әктас жатқан 20-дай орын барланды. Олардың негізгілері — Пограничное (қоры 248,000 мың тонна), Куприянов (қоры 2866 мың тонна), Золотая Нива (қоры 2455 мың тонна), Марьевское немесе Соколовское (қоры 1666 мың тонна). Вермикулит — жылу және дыбыс өткізбейтін слюда. Ол Баршын мен Красномай кен орындарында бар. Фосфор тыңайтқышын алуға пайдаланатын осы шикізаттың бүкіл Қазақстандағы бірден-бір кен орны — Дубравское апатит кен орнының осыған қатысы бар.

Облыста бірнеше алтын кені бар. Солардың кейбіреуін атасақ, Бақсы кеніші қоры жөнінен орташа, ондағы алтын қоры —  1,5 пайыз, күміс — 5,56 г/т., мыс — 1 пайыз. Солтүстік Байлюсти кеніші — қоры жөнінен орташа. Ондағы алтын — 49 г/т, 112 килограмм металл қоры бар. Домбыралы-2 кеніші – қоры жөнінен ұсақ. Ондағы алтын қоры 7,3 — 14,2 г/т.,  140 килограмм күміс қоры бар "Қазалтын" тресі зерттеген.  Матсор кеніші қоры жөнінен ұсақ. Ондағы алтын қоры — күміс 108 г/т. 63 килограмм алтын және 2200 килограмм күміс қоры бар. Төртқұдық бкеніші пайдаланылды. Басқа да алтын кеніштері бар, олардың көбі облыстың оңтүстік-шығыс жағында. Бүған қоса осы металл 70-ке жуық орыннан көрінді, мәселен, Есіл ауданындағы Явленка селосының іргесінен.

Вольфрам алынатын шеелит кендері Айыртау ауданындағы Баян кенішінде шоғырланған. Республиканың баланс қорындағы оның үлесі 3,1 пайызға тең. Онда 0,35 пайыз оксид вольфрамы бар.

Молибден күшті металл болып табылады. Өйткені ол турбиналар мен бу қазандықтары өндірісінде қолданылады, қару ұңғылары, танк броні, снарядтар жасалады. Бұл минерал дербес кенішті құрамай, вольфрам мен уран кеніштерінде ілеспе компоненттер түрінде кездеседі. Сондықтан молибден өндірудің пайдасы бар.

Өңірімізде бірнеше мыс шығатын орындар бар. Солардың бірі — Имантау (оның батыс жағалауындағы ежелгі кеніш әлі тұр). Бақсы мыс-алтын кеніші қосымша зерттеуді талап етеді. Сөз жоқ, Чкалов мыс-никель кеніші де пайдасыз емес.

Қорғасынға келетін болсақ, ол Ефимов кенішінде бар.

Солтүстік Қазақстанда құрылыс материалдарының қоры қисапсыз көп. Олар сан алуан, қазіргі құрылыс ие. Ұсатылған ұсақ тастардың да пайдасы аз емес.

Облыс аумағында ұсақ тастар көп-ақ. Сергеевкадағы кен орны қазіргі уақытта жұмыс істемей тұр. Оның қоры 5684 мың текше метр. Жаман Сопка кен орнының қоры 11332 мың текше метр. Дәуіт кен орнының қоры 157745 мың текше метр. Қызылту немесе Чкалов кен орнының қуаты 4664 мың текше метр. Өңірімізде барлығы құрылыс тасын өндіретін 30 орын барланды және бағаланды.

Бетон және силикат бұйымдарын жасауға жарамды құрылыс құмының 50-ге жуық орны бар. Олар сылақ және әрлеу жұмыстарында пайдаланылады. Ең ірілері — Қарлыға, Новопавловка, Новоникольское, Руслово және Айсора кен орындары.

Булаев, Молодежный, Алабота және басқа кен орындарының балшығы керамзит түйіршіктерін алуға пайдаланылады. Фарфордың жекелеген сорттарын өндіруге жарамды отқа төзімді балшық Многоцветное кен орнында, оған қоса түрлі керамикалық бұйымдар, соның ішінде кірпіштер шығаруға жарамды балшықтың 145 орны бар.

Солтүстік Қазақстанда бағалы металл емес тау-кен шикізаты — әктас жатқан 20-дай орын барланды. Олардың негізгілері — Пограничное (қоры 248,000 мың тонна), Куприянов (қоры 2866 мың тонна), Золотая Нива (қоры 2455 мың тонна), Марьевское немесе Соколовское (қоры 1666 мың тонна).

Вермикулит — жылу және дыбыс өткізбейтін слюда. Ол Баршын мен Красномай кен орындарында бар. Фосфор тыңайтқышын алуға пайдаланатын осы шикізаттың бүкіл Қазақстандағы бірден-бір кен орны — Дубравское апатит кен орнының осыған қатысы бар.

Бөлісу: