Елімізде тұңғыш рет Жауынгерлік шеру өткізіледі

14 Наурыз 2013, 05:36

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Отан Қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік шеруіне дайындалу және оны өткізу туралы бұйрыққа қол қойды. 7 мамырда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 21 жыл толады. Осы мерейлі датаға ұштастырылған Жауынгерлік шеру  Гвардейск гарнизонының құрамалары мен әсери бөлімдері базасында өткізіледі. Осы уақыт аралығына дейін халықаралық деңгейдегі бірқатар әскери-техникалық жаттығуларға қатысқан еліміз Қарулы Күштерінің өрендері қазірден бастап мерекеге қызу дайындық жүргізуде. Жалпы,сыннан сүрінбеу әрбір ер азаматтың басты мақсаты. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған мерекеде осы қағидат басты назарға алынады. Bnews.kz

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Отан Қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік шеруіне дайындалу және оны өткізу туралы бұйрыққа қол қойды.
7 мамырда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 21 жыл толады. Осы мерейлі датаға ұштастырылған Жауынгерлік шеру  Гвардейск гарнизонының құрамалары мен әсери бөлімдері базасында өткізіледі.
Осы уақыт аралығына дейін халықаралық деңгейдегі бірқатар әскери-техникалық жаттығуларға қатысқан еліміз Қарулы Күштерінің өрендері қазірден бастап мерекеге қызу дайындық жүргізуде. Жалпы,сыннан сүрінбеу әрбір ер азаматтың басты мақсаты. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған мерекеде осы қағидат басты назарға алынады.

Bnews.kz

Бөлісу: