Алматыда жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Шығармашылық күндері» өтеді. Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мәлімдеді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың шығармашылық күндері 14-15 наурыз аралығында өтеді. Іс шара жазушы сценарийін жазған кинофильмдер көрсетілімінен басталады.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар «Исабеков Әлемі» атты драматургтың өмірі мен шығармашылық жолы жайлы баяндайтын деректі фильмді көрсетуді жоспарлап отыр.
BAQ.kz