Чехия «Қазақстан Аруын» таңдады

13 Наурыз 2013, 11:42

Чехиядағы Қазақстан азаматшаларының арасында «Қазақстан Аруы» байқауы өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.  Жеңіс Өскемен қаласының тумасы Дарья Усоваға бұйырды. Сұлу Чехияда 2007 жылдан бері тұрады. Бүгінде ол Чехия университеттерінің бірінде «Маркетинг» мамандығы бойынша оқиды. Усованың айтуына қарағанда, сұлулар байқауларына бірінші рет қатысып отыр екен. Байқау нәтижесі бойынша вице-мисс атағы Ғазиза Тоқсанбаеваға берілсе, Галина Баркова екінші вице-мисс атанды. Ал Людмила Полякова көрермендер ықыласына ие болды. «Қазақстан Аруы» сайысының жеңімпазы Парижге жолдама алса, екінші орын иесі парашюттан секіру сертификатын иеленді. Ал үшінші орында тұрақтаған ару – фотосессия ұтып алды. Сұлулар байқауы «өзін өзі таныстыру», «дарындылар сайысы» және «кешкі көйлекпен дефиле көрсету» сияқты үш кезеңнен тұрды. Іс шара Чехиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен қазақстандық жастар бірлестігі ұйымдастыруымен өткен болатын. BAQ.kz

Чехиядағы Қазақстан азаматшаларының арасында «Қазақстан Аруы» байқауы өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.  Жеңіс Өскемен қаласының тумасы Дарья Усоваға бұйырды. Сұлу Чехияда 2007 жылдан бері тұрады. Бүгінде ол Чехия университеттерінің бірінде «Маркетинг» мамандығы бойынша оқиды. Усованың айтуына қарағанда, сұлулар байқауларына бірінші рет қатысып отыр екен.

Байқау нәтижесі бойынша вице-мисс атағы Ғазиза Тоқсанбаеваға берілсе, Галина Баркова екінші вице-мисс атанды. Ал Людмила Полякова көрермендер ықыласына ие болды.

«Қазақстан Аруы» сайысының жеңімпазы Парижге жолдама алса, екінші орын иесі парашюттан секіру сертификатын иеленді. Ал үшінші орында тұрақтаған ару – фотосессия ұтып алды.

Сұлулар байқауы «өзін өзі таныстыру», «дарындылар сайысы» және «кешкі көйлекпен дефиле көрсету» сияқты үш кезеңнен тұрды.

Іс шара Чехиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен қазақстандық жастар бірлестігі ұйымдастыруымен өткен болатын.

BAQ.kz

Бөлісу: