Ресей мен Украинада дәстүрлі марапатқа айналған «HR-бренд сыйлығы» енді үздік қазақстандық жұмыс берушілерге де берілмек. Бұл туралы аталмыш марапатты ұсынушы HeadHunter компаниялар тобы өкілдері бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жоба жетекшісі Анна Глумованың айтуынша, қазақстандық ең үздік жұмыс берушілерді анықтауға арналған «HR-бренд сыйлығы» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 17 қазанда өтеді. Онда қазақстандық компаниялар тұңғыш рет - қызметкерлерді тарту, ынталандыру және жұмыста орнықтыру және жалпы компания мен оның жұмыс беруші ретіндегі беделін дамыту бойынша жоғары нәтижелерді көрсеткен жобаларын таныстыратын болады. Олар жобаның өзектілігі, іске асыру әдістерінің заманауилығы, ақырғы нәтиженің қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестілігі секілді HR-стратегияларға қойылатын талаптар бойынша бағаланады. Мақсат - рекрутменттің заманауи әдістерін ілгерілету және корпоративті мәдениетті дамыту. Сарапшылар олардың арасынан «Оңтүстік астана», «Қазақстан», «Әлем» аталымдары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
ҚазАқпарат