Актер Андрей Панин өлімінің себебі анықталды

13 Наурыз 2013, 10:01

Сот-медициналық сараптамасы белгілі актер Андрей Паниннің өлімі бас сүйегі мен миынан жарақат алуына байланысты болған деген тұжырымға тоқтады. Бұл туралы «Утро.Ру» хабарлады. «Тергеу комитетіне өлімнің бас сүйегі мен миға жасалған соққыдан болғанын айғақтайтын құжат келді», деп мәлімдеді Lifenews.ru құқық қорғау органдарындағы мәнбеге сүйене отырып. Ал оқиғаның қалай өріс алғанын бұдан әрі мұқият жүргізілетін зерттеу жұмыстары анықтайтын болады. Бұдан бұрын актердің қазасы дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын. «Қылмыстық іс қозғау жөніндегі шешім Андрей Паниннің басында бірнеше жерден соққының ізі қалуына байланысты қабылданды», - деді тергеу комитетіндегілер. Қазір алынған мәліметтер тергеушілердің актер өлімі алдын ала ойластырылған кісі өлтіру мақсатындағы әрекетке байланысты емес, кездейсоқ жәйттердің нәтижесінде орын алғанын расқа шығарып отыр. Соған қарамастан, барлық версиялар тыңғылықты зерттеледі. Тек содан кейін ғана іс жабылады. Бұдан бұрын актердің қан көп кетіп қалғандықтан қайтыс болғаны хабарланып еді. Жарақатты ол әлденеге шалынысып, өз бойының биіктігіндей жоғарыдан құлағаннан алған. Бұған қоса, әртістің сол мезеттерде алкоголь ішіп алғаны да айтылады. Сарапшылар жараның соңы қайғылы жағдайға апарып соқтырғаны да сол спиртті ішімдікке байланысты болғанын жеткізіп отыр. Осының әсерінен қан қысымы көтеріліп, қанның соғуы жиілей түскен, өз кезегінде бұл жүректің тоқтап қалуына апарып соқтырған. Айта кетейік, Андрей Паниннің денесі 7 наурыз күні оның Балаклав даңғылы бойында жалдап тұрып жатқан пәтерінен өлі күйінде табылған. Осыған дейінгі бірнеше күн бойына ол туыстары мен таныстарының қоңырауына жауап бермеген. Сол кезде директоры әрі досы Геннадий Русин пәтерді ашып ішке кіргенде, оның еденде өліп жатқанының үстінен түседі. Егемен Қазақстан

Сот-медициналық сараптамасы белгілі актер Андрей Паниннің өлімі бас сүйегі мен миынан жарақат алуына байланысты болған деген тұжырымға тоқтады. Бұл туралы «Утро.Ру» хабарлады.

«Тергеу комитетіне өлімнің бас сүйегі мен миға жасалған соққыдан болғанын айғақтайтын құжат келді», деп мәлімдеді Lifenews.ru құқық қорғау органдарындағы мәнбеге сүйене отырып. Ал оқиғаның қалай өріс алғанын бұдан әрі мұқият жүргізілетін зерттеу жұмыстары анықтайтын болады.

Бұдан бұрын актердің қазасы дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын. «Қылмыстық іс қозғау жөніндегі шешім Андрей Паниннің басында бірнеше жерден соққының ізі қалуына байланысты қабылданды», - деді тергеу комитетіндегілер.

Қазір алынған мәліметтер тергеушілердің актер өлімі алдын ала ойластырылған кісі өлтіру мақсатындағы әрекетке байланысты емес, кездейсоқ жәйттердің нәтижесінде орын алғанын расқа шығарып отыр. Соған қарамастан, барлық версиялар тыңғылықты зерттеледі. Тек содан кейін ғана іс жабылады.
Бұдан бұрын актердің қан көп кетіп қалғандықтан қайтыс болғаны хабарланып еді. Жарақатты ол әлденеге шалынысып, өз бойының биіктігіндей жоғарыдан құлағаннан алған. Бұған қоса, әртістің сол мезеттерде алкоголь ішіп алғаны да айтылады. Сарапшылар жараның соңы қайғылы жағдайға апарып соқтырғаны да сол спиртті ішімдікке байланысты болғанын жеткізіп отыр. Осының әсерінен қан қысымы көтеріліп, қанның соғуы жиілей түскен, өз кезегінде бұл жүректің тоқтап қалуына апарып соқтырған.

Айта кетейік, Андрей Паниннің денесі 7 наурыз күні оның Балаклав даңғылы бойында жалдап тұрып жатқан пәтерінен өлі күйінде табылған. Осыған дейінгі бірнеше күн бойына ол туыстары мен таныстарының қоңырауына жауап бермеген. Сол кезде директоры әрі досы Геннадий Русин пәтерді ашып ішке кіргенде, оның еденде өліп жатқанының үстінен түседі.

Егемен Қазақстан

Бөлісу: