Үстіміздегі жылдың қаңтар айында әлемнің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Австралия жағалауында акуланы жеңіп шыққан қаһарман ретінде жарыса жазған британиялық қызметкерді қожайындары жұмыстан шығарып жіберді. Сөйтсек, ол аталмыш «ерлігін» ауруына байланысты бюллетень алып жүрген күндері жасапты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Жасы қазір 62-дегі уэльстік Пол Маршалси 21 қаңтар күні Австралияның оңтүстік-шығысындағы Квисленд штатының Калундра деген туристік қалашығында демалған екен. Маршалсидің сөзіне қарағанда, сол күні ол кішкентай балалар ойнап жүрген жағажай жиегіне қарай жылжып келе жатқан екі метрлік акуланы көріп қалады. Сол кезде бұл көп ойланбастан, бірден теңізге қойып кетіп, су жыртқышының құйрығынан ұстай алады. Осы пәрменімен акуланы келесі жиекке қарай тарта жөнеледі. Маршалсидің бұл әрекетін көріп қалғандар дереу осы сәтті суретке түсіріп ала қойыпты. Бұдан бөлек, сол маңда сюжет түсіріп жүрген тележурналистер де бұл сәтті құр жібермепті. Артынша жергілікті телеарналардың бірінен осы бейнежелілер көрсетіледі.
Алайда, Пол Маршалсидің жарты дүниені дүрліктірген бұл ерлік ісін Уэльстің Мертир-Тидвил қаласындағы оған жұмыс берушілер де көріп қалады. Оларға өз қарауларында жұмыс жасайтын адамның алыстағы Австралия жерінде ерлік жасап жүргені мүлдем ұнамайды. Себебі, ол бұл кезде үйінде ауырып жатқан адам болып саналушы еді.
Егемен Қазақстан