Облыстың туристік мүмкіндіктері

13 Наурыз 2013, 05:26

«Бозторғайы қоңыраулатқан, боз жусаны омырау қаққан! Беу, Сарыарқа!». Ақмола облысы да Арқа даласында жатыр. Жартасты таулар, қарағайлы орман, аққу ұшып, қаз қонған әсем көлдер, «Бурабай» курорттық аудандарындағы көлдер, Жөкей, Қатаркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Шыбыш өзендерінің арқасында ТМД мемлекеттерінің ең белгілі курорттарымен бәсекелесе алады. Облыс аумағында «Бурабай», «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ бүкіл Еуро-Азиядағы бірегей халықаралық мәндегі Қорғалжын қорығы бар. Щучье-Бурабай курорттық аймағы - бұл елордамыз Астана қаласына жақын орналасқан курорттық орын. Болашақта бір елдің ғана емес, күллі Еуразия құрлығының ірі курорттық орталығы болады деп күтілуде. Мұнда іскер, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру, сондай-ақ ойын-сауық мәніндегі нысандар салу жоспарлануда. Оның сол межеге жетуі, дамуы үшін шетелдік инвесторлардың қаражаты қажет. Сондықтан, аймақта инфрақұрылымның дамуына көп көңіл бөлініп жатыр. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Жаңа жолдарды салу, әуе хабарламаларын ашу, тұрақты сумен және энергиямен қамсыздандыру бойынша іс-шаралар әзірленді. Туристердің еркін демалуына, өздерін жайлы сезінуіне арналған ғимараттар мен мекемелер үлкен жағдай жасайды.  Щучье-Бурабай курорттық аймағы Қазақстанның солтүстігінде, Астана және Көкшетау қалаларының арасында Бурабай  орналасқан. «Арқада жер жетпейді Бурабайға» деген сөз бар. Географиялық тұрғыда бұл аймақ Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жолбасшылар оны «Қазақстан Інжуі» деп атайды. Щучье-Бурабай курорттық аймағының табиғат кешендері тек Қазақстан Республикасының туристерін ғана емес, сонымен қатар таяу және шетелдік туристерді де қызықтырады. Бурабай тауы (690 м.) - керемет кең көлемді жер. Оңтүстікке қарай Щучье шоқылары, олардың ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826 м.) деп аталады. Бурабай өңірінің таулы аймағы жұмбаққа толы. Парктің аумағындағы өсімдік әлемінің түрі орманды, далалы, шабындық, шалшықты және сортаңды болып бөлінеді. Бір Бурабайдың өзінде 800-ге жуық өсімдік түрі бар. Омыртқалы жануарлардың 305 түрі бар. Бурабайда 86 стационарлық демалыс мекемесі шоғырланған. Парк аумағында дала, көл, орман, орман-дала ландшафтары және төмен таулы ландшафтар бар. Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында 14 көл бар, оның көпшілігі кіші көлдер. Жасыл орман айналасында Щучье, Бурабай, Үлкен және Кіші Шыбыш, Қотыркөл көлдері бар. Светлое, Карасье, Горное, Лебединое көлдері де Көкшетауға жақын орналасқан. Кіші өзендер, жылғалар және уақытша су ағыстары бар. Бурабайдың көрнекті жері көлдегі Голубой залив шығанағы болып табылады. Дәл шығанақтың суынан сфинкске уксайтын Жұмбақтас жартасы шығып тұр.  Маңында Оқжетпес тұр. Мұндағы әр жартастың, шоқылардың атауына байланысты арихи аңыздар бар. Зеренді Көкшетау қаласынан 50 шақырыс жерде Зеренді кенті орналасқан. Зеренді - Көкшетау үстіртінде орналасқан тау-қыраттары бар, орман, кішігірім көлдер мен өзендерге ие болып жатқан өңір. Бөлек-бөлек шоқылар, жазық жерлер мен, таулар да бар. Көп жылдар бойы мұнда жел, жаңбыр, аяз және аптап ыстық секілді табиғаттың тосын мінездері кезектесіп келіп отырғандықтан биік таулар отырып, жарылып, шашылып, үгітіліп қалған. Қазір олар биік емес, бірақ сонда да табиғатқа көрік беріп тұр. Зерендіге жақындағаннан-ақ, сол мүжілген, отырған қарт таулар алыстан қасқайып, менмұндалап тұрады. Зеренді көлі теңіз деңгейінен 370 метр биік орналасқан. Көлдің жиегінде тізіле қарағайлар өскен. Демалушыларға арналған жағажай да жасалған. Көлдің түбі тегіс, құмды, малтатаспен және бөлек-бөлек қойтастармен жабылған. Көлдің ұзындығы 7 шақырым, тереңдігі 6 шақырым. Суы тұщы, мөлдір. Жазда судың температурасы 24о С-қа дейін жетеді. Көлде шабақ, таутан, рипус, айналы тұқы балықтары кездеседі. Зеренді көлі тек әсем көл ғана емес, сонымен қатар демалыс орны болып табылады.  Қорғалжын Ақмола облысында экологиялық туризм де ерекше дамыған. Соның бірі халық аз шоғырланған далалық өлке  Қорғалжын. Қорғалжын өлкесі Астана қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан. Қорғалжын қорығының алып жатқан жер көлемі 2600 шаршы шақырым. 1974 жылы Рамсар суда жүзетін құстарды қорғау конвенциясына сәйкес бұл аумақ халықаралық мәндегі орындардың тізіміне енгізілді. Ал, 2000 жылы Жаһандық Табиғат Қорының «Тірі көлдердің» желісіне кірді. Бұл ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы номинациясына ұсынылған Қазақстанның алғашқы табиғи аумақ. Қорықтың аумағында құстардың 23 отрядының ішінен 299 түрі тіркелген. Бұл шамамен Қазақстандағы құстардың 60 пайызын құрайды. Олардың 120 түрі ұя басады. Тек Қазақстандағы емес, әлемдегі жойылып бара жатқан табиғаттың байлығын қорғауда Қорғалжынның алатын үлесі зор. «Қызыл кітапқа» құстардың 32 түрі енгізілді, бұл қорықтағы құстардың 14%-ын құрайды. Мұндағы қызыл кітапқа енген құстар 60%-ы (26 түрі), су-шалшықты құстардың 112 түрі, оның ішінде сұқсыр үйректер - 4, гагарлар - 1, ескекаяқтылар - 3, сирақтылар - 9, қоқиқаз - 1, пластина тәрізді тұмсықтылар - 28, тырна тәрізділер - 6, тырналар - 3, балшықшылар - 42, шағала мен біз тұмсық шағала - 15. 1994 жылдан бастап, қорықтың аумағында қызғылт бірқазан жиі кездеседі. Көлінде мөңке балық, алабұға, торта, шортан көп болады. Қорықта өсімдіктер әлемінің төрт түрі қорғалады. Көбінесе сулы-шалшықты және шабындық жерлер, дала өсімдіктерінің түрлері (бетеге мен селеу формацияларының қоғамдастығы). Гүл өсімдіктерінің 331 түрі бар. Қорықта омыртқалы жануарлардың құрамы жеткілікті. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, 6 отрядтың өкілі бар. Қазақстандағы аңдардың жалпы санымен есептегенде бұл 26,5%-ды құрайды. Қорықтағы омыртқасыз жануарлар мүлдем зерттелмеген. Сандықтау Сандықтау ауданы - Ақмола облысындағы туристерге арналған ең көрікті орындардың бірі. Сандықтау ауданында туристік қызмет нарығында 112 орынды 4 қонақ үй, экотуристерді қабылдауға арналған 4 қонақ үй, 3 ойын-сауық мекемесі, демалу аймақтары (Ботвинов М.И., «Ривс LTD Сандыктау» ЖШС), «КТК Дружба» туристік фирмасы, «Сталкер» мәдени-туристік кешені қызмет істейді. 2005 жылғы қазаннан бастап Сандықтау ауданының аумағында «Экос» экологиялық білім беру жөніндегі үйлестіру және ақпарат орталығы» қоғамдық бірлестігі «Ақмола облысының аумағында экотуризмді дамыту» МЭҚ кіші гранттарының халықаралық бағдарламасы бойынша «Наследие» жобасын іске асырады. Сандықтау өлкесі мәдениет, археология және табиғи ескерткіштерге бай. Сандықтау орта мектебінде өлкетану мұражайы бар. Онда кенттің құрылу тарихын, өлкенің ежелгі мұраларын жадында сақтап жүрген тұрғындар да кездеседі. Сандықтау таулары экотуризмді дамыту үшін қолайлы. Тамаша табиғат ландшафтары, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі, экологиялық қолайлы аудан ретінде туристердің ерекше ықыласына бөленіп келеді. Сандықтау ауылында туристерге қызмет көрсету үшін «СВТ-топқа» топтасқан (экологиялық бірлестік) адамдардың бастамашыл шығармашылық тобы бар. Ерейментау Қарағайлы мен Сұңқар таулары жатқан, тарихи ескерткіштерге бай, көне тарихтан сыр шертетін балбал тастар Ерейментаудың мерейін асқақтатып тұр. Тау ландшафтары, бай жануарлар және өсімдіктер әлемі, қазақтың ұсақ шоқыларының араларында орналасқан өзендердің көптігі тағы бар. Күмбір-күмбір күмбездер», балбалтастар қазақтың өткенін еске салып тұратын мұралар. Ерейментаудың етегі де сондай мұраларға бай. Қалқаман мекенінің төңірегінде демалыс базасын ашуға мүмкіндік бар (бұлақ, орман, су айдыны, қалаға жақын орналасқандықтан). Сондай-ақ, Тілес, Қоржынкөл, Ордабай, Бозайғыр, Қабыланкөл, Алғабас, Баймен көлдері, Ақдын, Белодымка, Төре таулары, Қарағайлы (Соколинка) мекені экологиялық туризмді дамыту үшін қолайлы жерлер. Дереккөзі: visitkazakhstan.kz

«Бозторғайы қоңыраулатқан, боз жусаны омырау қаққан! Беу, Сарыарқа!». Ақмола облысы да Арқа даласында жатыр. Жартасты таулар, қарағайлы орман, аққу ұшып, қаз қонған әсем көлдер, «Бурабай» курорттық аудандарындағы көлдер, Жөкей, Қатаркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Шыбыш өзендерінің арқасында ТМД мемлекеттерінің ең белгілі курорттарымен бәсекелесе алады. Облыс аумағында «Бурабай», «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ бүкіл Еуро-Азиядағы бірегей халықаралық мәндегі Қорғалжын қорығы бар.

Щучье-Бурабай курорттық аймағы - бұл елордамыз Астана қаласына жақын орналасқан курорттық орын. Болашақта бір елдің ғана емес, күллі Еуразия құрлығының ірі курорттық орталығы болады деп күтілуде. Мұнда іскер, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру, сондай-ақ ойын-сауық мәніндегі нысандар салу жоспарлануда. Оның сол межеге жетуі, дамуы үшін шетелдік инвесторлардың қаражаты қажет. Сондықтан, аймақта инфрақұрылымның дамуына көп көңіл бөлініп жатыр. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Жаңа жолдарды салу, әуе хабарламаларын ашу, тұрақты сумен және энергиямен қамсыздандыру бойынша іс-шаралар әзірленді. Туристердің еркін демалуына, өздерін жайлы сезінуіне арналған ғимараттар мен мекемелер үлкен жағдай жасайды. 

Щучье-Бурабай курорттық аймағы

Қазақстанның солтүстігінде, Астана және Көкшетау қалаларының арасында Бурабай  орналасқан. «Арқада жер жетпейді Бурабайға» деген сөз бар. Географиялық тұрғыда бұл аймақ Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жолбасшылар оны «Қазақстан Інжуі» деп атайды.

Щучье-Бурабай курорттық аймағының табиғат кешендері тек Қазақстан Республикасының туристерін ғана емес, сонымен қатар таяу және шетелдік туристерді де қызықтырады.

Бурабай тауы (690 м.) - керемет кең көлемді жер. Оңтүстікке қарай Щучье шоқылары, олардың ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826 м.) деп аталады. Бурабай өңірінің таулы аймағы жұмбаққа толы. Парктің аумағындағы өсімдік әлемінің түрі орманды, далалы, шабындық, шалшықты және сортаңды болып бөлінеді. Бір Бурабайдың өзінде 800-ге жуық өсімдік түрі бар. Омыртқалы жануарлардың 305 түрі бар.

Бурабайда 86 стационарлық демалыс мекемесі шоғырланған. Парк аумағында дала, көл, орман, орман-дала ландшафтары және төмен таулы ландшафтар бар.

Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында 14 көл бар, оның көпшілігі кіші көлдер. Жасыл орман айналасында Щучье, Бурабай, Үлкен және Кіші Шыбыш, Қотыркөл көлдері бар. Светлое, Карасье, Горное, Лебединое көлдері де Көкшетауға жақын орналасқан. Кіші өзендер, жылғалар және уақытша су ағыстары бар. Бурабайдың көрнекті жері көлдегі Голубой залив шығанағы болып табылады. Дәл шығанақтың суынан сфинкске уксайтын Жұмбақтас жартасы шығып тұр.  Маңында Оқжетпес тұр. Мұндағы әр жартастың, шоқылардың атауына байланысты арихи аңыздар бар.

Зеренді

Көкшетау қаласынан 50 шақырыс жерде Зеренді кенті орналасқан. Зеренді - Көкшетау үстіртінде орналасқан тау-қыраттары бар, орман, кішігірім көлдер мен өзендерге ие болып жатқан өңір. Бөлек-бөлек шоқылар, жазық жерлер мен, таулар да бар. Көп жылдар бойы мұнда жел, жаңбыр, аяз және аптап ыстық секілді табиғаттың тосын мінездері кезектесіп келіп отырғандықтан биік таулар отырып, жарылып, шашылып, үгітіліп қалған. Қазір олар биік емес, бірақ сонда да табиғатқа көрік беріп тұр. Зерендіге жақындағаннан-ақ, сол мүжілген, отырған қарт таулар алыстан қасқайып, менмұндалап тұрады.

Зеренді көлі теңіз деңгейінен 370 метр биік орналасқан. Көлдің жиегінде тізіле қарағайлар өскен. Демалушыларға арналған жағажай да жасалған. Көлдің түбі тегіс, құмды, малтатаспен және бөлек-бөлек қойтастармен жабылған. Көлдің ұзындығы 7 шақырым, тереңдігі 6 шақырым. Суы тұщы, мөлдір. Жазда судың температурасы 24о С-қа дейін жетеді. Көлде шабақ, таутан, рипус, айналы тұқы балықтары кездеседі. Зеренді көлі тек әсем көл ғана емес, сонымен қатар демалыс орны болып табылады. 

Қорғалжын

Ақмола облысында экологиялық туризм де ерекше дамыған. Соның бірі халық аз шоғырланған далалық өлке  Қорғалжын. Қорғалжын өлкесі Астана қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан. Қорғалжын қорығының алып жатқан жер көлемі 2600 шаршы шақырым. 1974 жылы Рамсар суда жүзетін құстарды қорғау конвенциясына сәйкес бұл аумақ халықаралық мәндегі орындардың тізіміне енгізілді. Ал, 2000 жылы Жаһандық Табиғат Қорының «Тірі көлдердің» желісіне кірді. Бұл ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы номинациясына ұсынылған Қазақстанның алғашқы табиғи аумақ. Қорықтың аумағында құстардың 23 отрядының ішінен 299 түрі тіркелген. Бұл шамамен Қазақстандағы құстардың 60 пайызын құрайды. Олардың 120 түрі ұя басады. Тек Қазақстандағы емес, әлемдегі жойылып бара жатқан табиғаттың байлығын қорғауда Қорғалжынның алатын үлесі зор. «Қызыл кітапқа» құстардың 32 түрі енгізілді, бұл қорықтағы құстардың 14%-ын құрайды. Мұндағы қызыл кітапқа енген құстар 60%-ы (26 түрі), су-шалшықты құстардың 112 түрі, оның ішінде сұқсыр үйректер - 4, гагарлар - 1, ескекаяқтылар - 3, сирақтылар - 9, қоқиқаз - 1, пластина тәрізді тұмсықтылар - 28, тырна тәрізділер - 6, тырналар - 3, балшықшылар - 42, шағала мен біз тұмсық шағала - 15.

1994 жылдан бастап, қорықтың аумағында қызғылт бірқазан жиі кездеседі. Көлінде мөңке балық, алабұға, торта, шортан көп болады.

Қорықта өсімдіктер әлемінің төрт түрі қорғалады. Көбінесе сулы-шалшықты және шабындық жерлер, дала өсімдіктерінің түрлері (бетеге мен селеу формацияларының қоғамдастығы). Гүл өсімдіктерінің 331 түрі бар. Қорықта омыртқалы жануарлардың құрамы жеткілікті. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, 6 отрядтың өкілі бар. Қазақстандағы аңдардың жалпы санымен есептегенде бұл 26,5%-ды құрайды. Қорықтағы омыртқасыз жануарлар мүлдем зерттелмеген.

Сандықтау

Сандықтау ауданы - Ақмола облысындағы туристерге арналған ең көрікті орындардың бірі. Сандықтау ауданында туристік қызмет нарығында 112 орынды 4 қонақ үй, экотуристерді қабылдауға арналған 4 қонақ үй, 3 ойын-сауық мекемесі, демалу аймақтары (Ботвинов М.И., «Ривс LTD Сандыктау» ЖШС), «КТК Дружба» туристік фирмасы, «Сталкер» мәдени-туристік кешені қызмет істейді.

2005 жылғы қазаннан бастап Сандықтау ауданының аумағында «Экос» экологиялық білім беру жөніндегі үйлестіру және ақпарат орталығы» қоғамдық бірлестігі «Ақмола облысының аумағында экотуризмді дамыту» МЭҚ кіші гранттарының халықаралық бағдарламасы бойынша «Наследие» жобасын іске асырады.

Сандықтау өлкесі мәдениет, археология және табиғи ескерткіштерге бай. Сандықтау орта мектебінде өлкетану мұражайы бар. Онда кенттің құрылу тарихын, өлкенің ежелгі мұраларын жадында сақтап жүрген тұрғындар да кездеседі.

Сандықтау таулары экотуризмді дамыту үшін қолайлы. Тамаша табиғат ландшафтары, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі, экологиялық қолайлы аудан ретінде туристердің ерекше ықыласына бөленіп келеді. Сандықтау ауылында туристерге қызмет көрсету үшін «СВТ-топқа» топтасқан (экологиялық бірлестік) адамдардың бастамашыл шығармашылық тобы бар.

Ерейментау

Қарағайлы мен Сұңқар таулары жатқан, тарихи ескерткіштерге бай, көне тарихтан сыр шертетін балбал тастар Ерейментаудың мерейін асқақтатып тұр. Тау ландшафтары, бай жануарлар және өсімдіктер әлемі, қазақтың ұсақ шоқыларының араларында орналасқан өзендердің көптігі тағы бар. Күмбір-күмбір күмбездер», балбалтастар қазақтың өткенін еске салып тұратын мұралар. Ерейментаудың етегі де сондай мұраларға бай.

Қалқаман мекенінің төңірегінде демалыс базасын ашуға мүмкіндік бар (бұлақ, орман, су айдыны, қалаға жақын орналасқандықтан). Сондай-ақ, Тілес, Қоржынкөл, Ордабай, Бозайғыр, Қабыланкөл, Алғабас, Баймен көлдері, Ақдын, Белодымка, Төре таулары, Қарағайлы (Соколинка) мекені экологиялық туризмді дамыту үшін қолайлы жерлер.

Дереккөзі: visitkazakhstan.kz

Бөлісу: