Назарбаев Университетінде студенттік фильмдер фестивалі өтті

12 Наурыз 2013, 12:06

Назарбаев Университетінде студенттік фильмдер фестивалі өтті. Байқауға студенттер жасаған қысқаметражды 5 пен 15 миннут арасында түсірілген фильмдер қатысты. Фильмдер тақырыбы 8 наурыз мейрамына арналды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі. Ең үздік фильм ретінде жюри «March dream» картинасын таныды. Фильм хикаясы көрермендерге мультфильм түрінде көрсетілген, бұл кейіпкердің көріп жатқан түсі ретінде беріледі. Толық сапалы мультипликация жасау барысында авторлар мыңдаған суреттерді қолдан салған болатын. «Хоррор» жанрында түсірілген «Сұмпайылар» атты картина «Ең үздік сценарий» номинациясында жеңімпаз болып танылды. Фильм зомби-қыздарға тұтқын болған достар хиқаясын баяндайды. Қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтамаған жігіттер жауыз күштердің құрбанына айналады. «Ең үздік монтаж» номинациясында «Анам, сені сүйемін» атты деректі фильм жеңімпаз аталды. Фильм кейіпкерлері өз анасы туралы әңгімелейді және Халықаралық әйелдер күні алдында өз ойларымен бөліседі. «Бөтен денеде» комедиясында басты рөл ойнаған студент Тажи Құлжан ең үздік актер болып танылды. Фильм хикаясы: қызбен жігіт 8 наурыз мерекесін тойлау мәселесіне пікірлері қарсы келіп, келесі күні ұйқыдан оянғанда бір-бірінің денелерімен ауысқанына көздері жетеді. Соңында махаббат барлығын өз орындарына қайтарды. Барлық фильмдер толығымен немесе ішінара университет аумағында түсірілді. Фестиваль Студенттік үкіметпен ұйымдастырылған болатын. Студенттердің келешек мамандықтарының кино мен актерлік өнерге ешқандай қатысы жоқ екендігін атап өту қажет. Барлық ұсынылған жұмыстар әуесқой болып табылады. Жюридің құрамына «Креативная Астана» әлеуметтік жүйелік тобының ұйымдастырушысы Ганз Әжікенов; режиссер әрі диджей Әсет Қадыралин; «Metis’s» тобының әншісі Рус Жетінші кірді. Жюри таңдаған фильмдерді мына жерден көруге болады. BAQ.kz

Назарбаев Университетінде студенттік фильмдер фестивалі өтті. Байқауға студенттер жасаған қысқаметражды 5 пен 15 миннут арасында түсірілген фильмдер қатысты. Фильмдер тақырыбы 8 наурыз мейрамына арналды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Ең үздік фильм ретінде жюри «March dream» картинасын таныды. Фильм хикаясы көрермендерге мультфильм түрінде көрсетілген, бұл кейіпкердің көріп жатқан түсі ретінде беріледі. Толық сапалы мультипликация жасау барысында авторлар мыңдаған суреттерді қолдан салған болатын.

«Хоррор» жанрында түсірілген «Сұмпайылар» атты картина «Ең үздік сценарий» номинациясында жеңімпаз болып танылды. Фильм зомби-қыздарға тұтқын болған достар хиқаясын баяндайды. Қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтамаған жігіттер жауыз күштердің құрбанына айналады.

«Ең үздік монтаж» номинациясында «Анам, сені сүйемін» атты деректі фильм жеңімпаз аталды. Фильм кейіпкерлері өз анасы туралы әңгімелейді және Халықаралық әйелдер күні алдында өз ойларымен бөліседі.

«Бөтен денеде» комедиясында басты рөл ойнаған студент Тажи Құлжан ең үздік актер болып танылды. Фильм хикаясы: қызбен жігіт 8 наурыз мерекесін тойлау мәселесіне пікірлері қарсы келіп, келесі күні ұйқыдан оянғанда бір-бірінің денелерімен ауысқанына көздері жетеді. Соңында махаббат барлығын өз орындарына қайтарды.

Барлық фильмдер толығымен немесе ішінара университет аумағында түсірілді. Фестиваль Студенттік үкіметпен ұйымдастырылған болатын. Студенттердің келешек мамандықтарының кино мен актерлік өнерге ешқандай қатысы жоқ екендігін атап өту қажет. Барлық ұсынылған жұмыстар әуесқой болып табылады.

Жюридің құрамына «Креативная Астана» әлеуметтік жүйелік тобының ұйымдастырушысы Ганз Әжікенов; режиссер әрі диджей Әсет Қадыралин; «Metis’s» тобының әншісі Рус Жетінші кірді. Жюри таңдаған фильмдерді мына жерден көруге болады.

BAQ.kz

Бөлісу: