Ғарышта Жердегі апаттарды болжайтын жүйе пайда болады

Ғарышта Жердегі апаттарды болжайтын жүйе пайда болады

Халықаралық ғарыш стансысына Жер шарындағы табиғи апаттарды болжайтын бірегей жүйе шығарылмақ. Ресейлік «Новости» агенттігінің хабарлауынша, оны орнататын экипаж наурыздың 29-ына қараған түні Байқоңырдан ұшырылады.

«Союз ТМА-08М» ғарыш кемесі «Обстановка» атты жаңа сынақты жүр­гізетін бірегей аппаратураны халық­аралық ғарыш стансысының ресейлік сегментіне жеткізуі керек. Экипаж командирі Павел Вино­гра­довтың мәліметінше, бұл – құрылғылар мен антенналардың өте күрделі жүйесі. Ғарыштық сынақ барысында оның көмегімен Жер атмосферасының жоғарғы қабатындағы плазмалы-толқынды құбылыстар зерттеледі. «Мұндай зерттеулер жер сілкіністері мен басқа да болуы мүмкін табиғи апаттарды алдын ала болжау жөнінен адамзатқа үлкен пайдасын тигізеді», – дейді П.Виноградов.

BAQ.kz