Лондон Олимпиадасының жүлдегерлері Елбасына хат жазды

12 Наурыз 2013, 09:20

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Хатта тәуелсіздік жылдарында Елбасының спортты қолдау саясатының арқасында Қазақстанның ірі спорт державасына айналғаны, оған Лондон Олимпиадасындағы нәтижелердің нақты дәлел болатындығы айтылған. Олимпиада жүлдегерлері осы бағыттан таймай, Лондондағы көрсеткішті бұдан кейінгі уақытта да ұстап тұру қажеттігі туралы жазған. Олимпиадашылар өздерінің 1 наурызда Теміртауға Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған қалаға барғандықтарын баяндайды. «Біз Сіз еңбек жолыңызды бастаған домна пешінде болдық. Металлургтердің ауыр еңбегі Олимпиада алдындағы күн сайынғы жаттығулар тәрізді көрінді» деп атап өтеді хат иелері. Хатта Президенттің «Олимпиададағы табыстарымыз стадионға жүздеген болашақ чемпиондарды жинауға тиіс» деген сөзі келтірілген. Авторлар Мемлекет басшысының қолдауымен отандық спортта жаңа жеңімпаздар пайда болатынына сенім білдірді. «Біздің спорттық жетістіктеріміз ата-аналарымыздың дара жеңісі, барша қазақстандықтардың жеңісі, әрине, Сіздің де жеңісіңіз. Біз бәріміз Қазақстан туы астындағы бір командамыз. Тек күшті және ұйымшыл команда ғана табыстарға жетеді» делінген хатта.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Хатта тәуелсіздік жылдарында Елбасының спортты қолдау саясатының арқасында Қазақстанның ірі спорт державасына айналғаны, оған Лондон Олимпиадасындағы нәтижелердің нақты дәлел болатындығы айтылған. Олимпиада жүлдегерлері осы бағыттан таймай, Лондондағы көрсеткішті бұдан кейінгі уақытта да ұстап тұру қажеттігі туралы жазған.

Олимпиадашылар өздерінің 1 наурызда Теміртауға Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған қалаға барғандықтарын баяндайды.

«Біз Сіз еңбек жолыңызды бастаған домна пешінде болдық. Металлургтердің ауыр еңбегі Олимпиада алдындағы күн сайынғы жаттығулар тәрізді көрінді» деп атап өтеді хат иелері.

Хатта Президенттің «Олимпиададағы табыстарымыз стадионға жүздеген болашақ чемпиондарды жинауға тиіс» деген сөзі келтірілген.

Авторлар Мемлекет басшысының қолдауымен отандық спортта жаңа жеңімпаздар пайда болатынына сенім білдірді.

«Біздің спорттық жетістіктеріміз ата-аналарымыздың дара жеңісі, барша қазақстандықтардың жеңісі, әрине, Сіздің де жеңісіңіз. Біз бәріміз Қазақстан туы астындағы бір командамыз. Тек күшті және ұйымшыл команда ғана табыстарға жетеді» делінген хатта.

Бөлісу: