Тәттілерден жасалған киімдер көрсетілді (видео)

12 Наурыз 2013, 04:34

Токиода «Тәтті топтама» көрсетілімі өтті. Жыл сайын өтетін бұл шарада түрлі кондитерлік өнімдермен безендірілген киімдер көпшіліктің назарына ұсынылады. Күншығыс елінің 9 үздік кондитері бұл жолы өз туындыларын ас үйде емес, көрсетілімде паш етті. Мамандар мармелад, карамель және тағы басқа тәттілерден көйлек, қалпақ, тіпті, аяқ киім де жасап шығарды. Көрсетілім тәттіге құмар жандардың назарынан тыс қалмады. Алайда, токиолық көрсетілім үшін ғана дайындалған тәттілер сатылмайды. Ерекше топтаманың дизайнерлері бұл туындыларын өз шеберліктеріне жарнама ретінде көрмеге қоятындарын айтты.

Токиода «Тәтті топтама» көрсетілімі өтті. Жыл сайын өтетін бұл шарада түрлі кондитерлік өнімдермен безендірілген киімдер көпшіліктің назарына ұсынылады.

Күншығыс елінің 9 үздік кондитері бұл жолы өз туындыларын ас үйде емес, көрсетілімде паш етті. Мамандар мармелад, карамель және тағы басқа тәттілерден көйлек, қалпақ, тіпті, аяқ киім де жасап шығарды. Көрсетілім тәттіге құмар жандардың назарынан тыс қалмады. Алайда, токиолық көрсетілім үшін ғана дайындалған тәттілер сатылмайды. Ерекше топтаманың дизайнерлері бұл туындыларын өз шеберліктеріне жарнама ретінде көрмеге қоятындарын айтты.

Бөлісу: