Астанада өтіп жатқан шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі бірдей жеңісті қанжығасына байлады.
Гүлсихан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова өз қарсыластарын ойсырата жеңсе, Динара Сәдуақасова қарсыласымен тең түскен еді. Төртінші шахмат тақтасында Мәдина Дәулетбаева мен Наташа Бенмесба арасындағы «жекпе-жек» ойынның ең ұзағы болды. Шахмат партиясының аяқталар кезінде Франция аруы басымдық алып, ойынның 96 кездесуінде Мәдина жеңіліске ұшырады.
Бұл жеңістердің арқасында Қазақстан құрамасы турнир кестесінде 7 орынға көтерілді. Бүгін ӘЧ соңғы күнінде Қазақстан құрамасы Грузия шахматшыларымен жүлделі орынға таласатын болады.
BAQ.kz