23-24 наурыз күндері Шымкентте ІІІ Блогшылар құрылтайы өтеді

12 Наурыз 2013, 03:55

23-24 наурыз күндері Шымкент қаласында III Болгқұрылтай өткізілмекші. Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі аппаратының орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли, "blogcamp 2013" үйлестірушісі Данияр Алан, "Айтабер" танымдық болг тұғырының админы Садық Шерімбек, жергілікті БАҚ өкілдері "Оңтүстік" персс клубында баспасөз мәслихатын өткізді. Мақсат--жүктелген міндетті аброймен өткеру, қазақ тілді болгерлердің ашық қауымдастығын құру. Осы арқылы әркім шама-шарқына қарай өз саласында ұлттық мүддеге қызмет ету. Берік УӘЛИ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы: --Алматыда өткен бірінші құрылтайға қатысқан едік. Сонда Индиядан, Жапониядан болгерлер келген болатын. Сәлихалы, салмақты ойлар ортаға салынып, жаңа жобаларға қолдау көрсетілген еді. Онан кейін Елордасы Астанада блогерлер тағы бас қосты. Ендігі таңдау Шымкент қаласына түскендігіне қуаныштымыз. Әрине блогқұрлтайдың өтуіне облыстық әкімдіктің қаржылай қолдау көрсетті. Дегенмен, blogcamp қандай да бір коммерциялық пайда табуды көздемейтін, саяси кампания емес. Бұл интернеттегі прогресшіл энтузиасттардың пікір алмасу алаңы. Сондықтан біз тек қазақ тіліндегі контентттің өсуіне азда болса өз көмегімізді көрсетіп жатырмы. Ал ұйысмдастыру жұмыстары блогер қауымның еншісінде. Данияр АЛАН, "blogcamp 2013" үйлестірушісі: --Шым шаһарда өтетін Болгқұрылтайға 250 адам қатысады деп жоспарлануда. Шараға шетелдегі қазақ болгшылары да шақыртылып отыр. Шара барысында жаңадан ашылған сайттар мен старт-ап жобаларға арнай сыйлықтар дайындалуда. Сонымен қатар жиын қортындысында жаңа жобаларды қолдаушылар табылып, қазақ тілінде блогтағы жазбалардың саны артады. Айтпақшы, «Блогқұрылтай 2013» шарасының бірінші күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында, екінші күні Біркөлік шатқалындағы «Бәйшешек» лагерінде жалғасады. «Билайн» компаниясы ұсынған арнайы сыйлықтар да үздік жазба иегерлерімен белсенді қатысушыларды күтуде. Нұршат ТӨКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы BAQ.kz

23-24 наурыз күндері Шымкент қаласында III Болгқұрылтай өткізілмекші. Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі аппаратының орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли, "blogcamp 2013" үйлестірушісі Данияр Алан, "Айтабер" танымдық болг тұғырының админы Садық Шерімбек, жергілікті БАҚ өкілдері "Оңтүстік" персс клубында баспасөз мәслихатын өткізді.
Мақсат--жүктелген міндетті аброймен өткеру, қазақ тілді болгерлердің ашық қауымдастығын құру. Осы арқылы әркім шама-шарқына қарай өз саласында ұлттық мүддеге қызмет ету.
Берік УӘЛИ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы:
--Алматыда өткен бірінші құрылтайға қатысқан едік. Сонда Индиядан, Жапониядан болгерлер келген болатын. Сәлихалы, салмақты ойлар ортаға салынып, жаңа жобаларға қолдау көрсетілген еді. Онан кейін Елордасы Астанада блогерлер тағы бас қосты. Ендігі таңдау Шымкент қаласына түскендігіне қуаныштымыз. Әрине блогқұрлтайдың өтуіне облыстық әкімдіктің қаржылай қолдау көрсетті. Дегенмен, blogcamp қандай да бір коммерциялық пайда табуды көздемейтін, саяси кампания емес. Бұл интернеттегі прогресшіл энтузиасттардың пікір алмасу алаңы. Сондықтан біз тек қазақ тіліндегі контентттің өсуіне азда болса өз көмегімізді көрсетіп жатырмы. Ал ұйысмдастыру жұмыстары блогер қауымның еншісінде.
Данияр АЛАН, "blogcamp 2013" үйлестірушісі:
--Шым шаһарда өтетін Болгқұрылтайға 250 адам қатысады деп жоспарлануда. Шараға шетелдегі қазақ болгшылары да шақыртылып отыр. Шара барысында жаңадан ашылған сайттар мен старт-ап жобаларға арнай сыйлықтар дайындалуда. Сонымен қатар жиын қортындысында жаңа жобаларды қолдаушылар табылып, қазақ тілінде блогтағы жазбалардың саны артады.
Айтпақшы, «Блогқұрылтай 2013» шарасының бірінші күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында, екінші күні Біркөлік шатқалындағы «Бәйшешек» лагерінде жалғасады. «Билайн» компаниясы ұсынған арнайы сыйлықтар да үздік жазба иегерлерімен белсенді қатысушыларды күтуде.

Нұршат ТӨКЕН,
Оңтүстік Қазақстан облысы

BAQ.kz

Бөлісу: