Ұлттық кітапхана жаңа энциклопедиямен толықты

12 Наурыз 2013, 03:53

Астанадағы Ұлттық кітапхана Швед энциклопедиясымен толықты. 11 томдық жинаққа 3 ғасыр бұрын өмірге келген Швецияның өсімдік танушысының еңбектері топтастырылған. Әлемді шарлаған оқымыстының сапарында жолыққан аң-құстардың тіршілігі, бейтаныс аймақтардың жұмбаққа толы табиғаты кітаптың негізгі мазмұны. 300 жыл бұрын қолға алынған жұмыс нәтижесі мен оның ізін жалғаушылардың еңбегі оқырманның көкейдегі сауалына жауап болмақ. Басылым ағылшын тілінде жарық көрген. Енді кітапханаға келушілер мен ағылшын тілін меңгеруге ниеттілер кітаппен кеңірек таныса алады. Шараны Швецияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырып отыр. Манне ВЭНГБОРГ, Швецияның Қазақстандағы елшісі: - Кітапты сыйға тарту шарасын тұңғыш рет ұйымдастырып отырмыз. Табиғат әлемін зерттеушілердің ашқан жаңалықтары көп. Бұл 11 томдық жиында әр оқырман дүниежүзіндегі жұмбақ болған табиғаттың қыр-сырымен таныса алады.

Астанадағы Ұлттық кітапхана Швед энциклопедиясымен толықты. 11 томдық жинаққа 3 ғасыр бұрын өмірге келген Швецияның өсімдік танушысының еңбектері топтастырылған.

Әлемді шарлаған оқымыстының сапарында жолыққан аң-құстардың тіршілігі, бейтаныс аймақтардың жұмбаққа толы табиғаты кітаптың негізгі мазмұны. 300 жыл бұрын қолға алынған жұмыс нәтижесі мен оның ізін жалғаушылардың еңбегі оқырманның көкейдегі сауалына жауап болмақ. Басылым ағылшын тілінде жарық көрген. Енді кітапханаға келушілер мен ағылшын тілін меңгеруге ниеттілер кітаппен кеңірек таныса алады. Шараны Швецияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырып отыр.

Манне ВЭНГБОРГ, Швецияның Қазақстандағы елшісі:

- Кітапты сыйға тарту шарасын тұңғыш рет ұйымдастырып отырмыз. Табиғат әлемін зерттеушілердің ашқан жаңалықтары көп. Бұл 11 томдық жиында әр оқырман дүниежүзіндегі жұмбақ болған табиғаттың қыр-сырымен таныса алады.

Бөлісу: