Алтынсарин мұражайы

11 Наурыз 2013, 04:34

ХІХ ғасырда қазақтың күңгірт көгінде жарқыраған жұлдыздардың бірі Ыбырай болғаны әмбеге аян. Ол өзінің туған халқы тұңғиыққа тіреліп тұрған сәтте, мүлгіген сахарада білім шырағын жарқыратып жағу үшін бар өмірін сарп етті. Ыбырай Алтынсарин мектептердің ғана емес, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушысы болғаны да белгілі. 1991 жылдың қазан айында Қостанай қаласында қазақтың ағартушысы, ұлы ұстазы Ы. Алтынсаринның мемориалды мұражайы ашылды. Бұл шығыс үлгісінде жасалынған әсем ғимарат қаланың тарихи-сәулет өнері бөлігінде Ы. Алтынсарин ескерткіші мен 1884 жылы өзі негізін қалаған озат балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасты. Қазіргі кезде мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталып, жылына 30000 адам осыларды көруге келеді. Мұражай жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі: Мұражай қорын жабдықтау, есеп жүргізу, жәдігерлерді зерттеу, жабдықтау, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, көрме жөне ғылыми-ағарту жұмысы. Ы. Алтынсаринның, оның ізбасарлары мен өлкенің білім беру саласының педагогикалық мұрасын толық қайта жаңғырту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.    Мемориалдық мұражайдың бір бөлігі сол дәуірдегі Алтынсарин мектебінің көшірмесі түрінде салынған. Қорда отбасында қолданылмаған Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне арналған кітаптар, заттар, Ы.Алтынсариннің кітаптары, мектебінің макеті, фотосуреттер, естеліктер бар. Мұражайда құрылған көрме Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, Қазақстанның халық ағарту ісі жүйесінің пайда болу және даму тарихын баяндайды. Торғай облысының болашақ инспекторы 4 уездік екі кластық орталық училищелер, бес болыстық мектептер, қоныс аударған орыс балалары үшін екі училище ашты. Ол қыздар және қолөнер оқуының бастауында тұрды, оны мұражайдағы мұрағаттық құжаттары, баға жетпес фотоматериалдары куәландырады. Мұражай жинағы Алтынсарин мектебінің түлектері, көрнекті ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, ағартушылар туралы қызықты материалдармен, Ы.Алтынсаринның туысқаны, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың тамаша шығармалары және ерекше құрметтейтін жеке заттарымен толықтырылған. Бүгінде мұражай кешенді ғылыми-ағарту мекемесі болып табылады, үш бағытта жұмыс істейді: педагогика, әдебиет, мәдениет және өнер.

ХІХ ғасырда қазақтың күңгірт көгінде жарқыраған жұлдыздардың бірі Ыбырай болғаны әмбеге аян. Ол өзінің туған халқы тұңғиыққа тіреліп тұрған сәтте, мүлгіген сахарада білім шырағын жарқыратып жағу үшін бар өмірін сарп етті. Ыбырай Алтынсарин мектептердің ғана емес, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушысы болғаны да белгілі.

1991 жылдың қазан айында Қостанай қаласында қазақтың ағартушысы, ұлы ұстазы Ы. Алтынсаринның мемориалды мұражайы ашылды.

Бұл шығыс үлгісінде жасалынған әсем ғимарат қаланың тарихи-сәулет өнері бөлігінде Ы. Алтынсарин ескерткіші мен 1884 жылы өзі негізін қалаған озат балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасты.

Қазіргі кезде мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталып, жылына 30000 адам осыларды көруге келеді. Мұражай жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі: Мұражай қорын жабдықтау, есеп жүргізу, жәдігерлерді зерттеу, жабдықтау, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, көрме жөне ғылыми-ағарту жұмысы. Ы. Алтынсаринның, оның ізбасарлары мен өлкенің білім беру саласының педагогикалық мұрасын толық қайта жаңғырту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

  

Мемориалдық мұражайдың бір бөлігі сол дәуірдегі Алтынсарин мектебінің көшірмесі түрінде салынған. Қорда отбасында қолданылмаған Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне арналған кітаптар, заттар, Ы.Алтынсариннің кітаптары, мектебінің макеті, фотосуреттер, естеліктер бар. Мұражайда құрылған көрме Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, Қазақстанның халық ағарту ісі жүйесінің пайда болу және даму тарихын баяндайды. Торғай облысының болашақ инспекторы 4 уездік екі кластық орталық училищелер, бес болыстық мектептер, қоныс аударған орыс балалары үшін екі училище ашты. Ол қыздар және қолөнер оқуының бастауында тұрды, оны мұражайдағы мұрағаттық құжаттары, баға жетпес фотоматериалдары куәландырады. Мұражай жинағы Алтынсарин мектебінің түлектері, көрнекті ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, ағартушылар туралы қызықты материалдармен, Ы.Алтынсаринның туысқаны, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың тамаша шығармалары және ерекше құрметтейтін жеке заттарымен толықтырылған. Бүгінде мұражай кешенді ғылыми-ағарту мекемесі болып табылады, үш бағытта жұмыс істейді: педагогика, әдебиет, мәдениет және өнер.

Бөлісу: