Әжетхана қағазында Библияның сөзі жүр

7 Наурыз 2013, 04:28

Фин  компаниялары шығарған әжетхана қағаздарының сыртында Библия сөздері таңбаланып кеткен. Lambi әжетхана қағазы Норвегия, Дания, Швеция елдерінде сатылған. Қағаздың сыртында «Сіздің қазынаңыз қайда болса, жүрегіңіз де сонда» деген жазу бар. Lambi әжетхана қағазын шығарған Metsa Tissue компанисы әу баста махаббат жайлы жазбақ болған. Алайда, аталмыш сөздің Библияда бар екендігін өнімдердің алғашқы легін шығарып болған соң білген. «Бұл талғамның төмендігі мен дінге деген құрметтің азаюы. Библия сөздері әжетхана қағаздарында болмауы керек» дейді Тенсберг қаласының епископы Лайла Риксаасен Даль. Ал, Metsa Tissue компаниясының өкілі Кристина фон Трампе: «Адамдарға әжетханада отырып оқығанға қысқаша жазбалар ұнайды. Біздің мақсатымыз елді дінге уағыздау немесе діннен бездіру емес, елге қуаныш сыйлау болатын» деп отыр. Сондай-ақ, болашақта мұндай қателіктерге жол бермейтінін айтты. Metsa Tissue компаниясы тек әжетхана қағазын емес, қағаз майлықтар сияқты өнімдер де жасайды.

Фин  компаниялары шығарған әжетхана қағаздарының сыртында Библия сөздері таңбаланып кеткен. Lambi әжетхана қағазы Норвегия, Дания, Швеция елдерінде сатылған. Қағаздың сыртында «Сіздің қазынаңыз қайда болса, жүрегіңіз де сонда» деген жазу бар.
Lambi әжетхана қағазын шығарған Metsa Tissue компанисы әу баста махаббат жайлы жазбақ болған. Алайда, аталмыш сөздің Библияда бар екендігін өнімдердің алғашқы легін шығарып болған соң білген.
«Бұл талғамның төмендігі мен дінге деген құрметтің азаюы. Библия сөздері әжетхана қағаздарында болмауы керек» дейді Тенсберг қаласының епископы Лайла Риксаасен Даль.
Ал, Metsa Tissue компаниясының өкілі Кристина фон Трампе:
«Адамдарға әжетханада отырып оқығанға қысқаша жазбалар ұнайды. Біздің мақсатымыз елді дінге уағыздау немесе діннен бездіру емес, елге қуаныш сыйлау болатын» деп отыр.
Сондай-ақ, болашақта мұндай қателіктерге жол бермейтінін айтты. Metsa Tissue компаниясы тек әжетхана қағазын емес, қағаз майлықтар сияқты өнімдер де жасайды.

Бөлісу: