Демосфен қалай шешен атанған?

7 Наурыз 2013, 03:54

«Наполеонның әскерi жетпеген жердi Бальзак қаламмен жаулап алған» дейтін халық арасында тараған сөз бар.  Сөз құдыреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері болған. Соның бірі Демосфен. Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Бірақ Демосфен өмірі қызыққа толы, яғни, ол бірден шешен бола қойған жоқ. Тілінің мүкісі бар, р-ға тілі келмейтін, сақау Демосфен алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан. Бірақ ішкі рухы мықты жан, морт сынбай, керісінше, «мен қалай да шешен болам, жұртқа сөзімді тыңдатам» деп алдына мақсат қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына күшікті қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал даусын шығару үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта тастарды толтырып, толқыған теңіз шуылымен жарыса сөйлеген. Ал осының бәрінен оны ешкім алаңдатпас үшін ол не істегенін білесің бе? Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін Демосфен тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған. Солайша сыртқа шығудан өзін шектеген. Осындай жанкешті әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған. Көне Грецияның маңдай алды шешендерiнiң бiрi - Демосфен. (б.д.д. 384-322 жж.) Құл иеленушiлiк дәуiрдiң өкiлi, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдiк әрекеттерiне қарсы дербестiк үшiн болған Афина күресiнiң тұсындағы саясат шешен сөздерi, әсiресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегi және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздерi тарихта қалып, тағылымдық сөздердiң қатарына ендi. Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң арқасында ”өзiн-өзi қайта туындатты”, әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның ”Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптiң қазақ топырағындағы көрiнiсiн бабаларымыз ”көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады” деп ұлағатты оймен өрнектеген. Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдiсiн кеңiнен пайдаланған. Осылайша, сөздiң драмалық қасиетiн күшейттi. Ол нақтылы дерек көздерiмен сөйлеген, ойды түсiнiктi, еркiн баяндаған. Сөйлеудiң техникасын еркiн меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздерi сөйлеу мәнерiмен туған. Қарапайым және көтерiңкi пафоспен (екi стильде) келедi. Ол осы екi стильдi де еркiн игерген. ”Демосфеннен 170 қолжазба (60 жалынды сөз, 56 жазба сөз, 6 хат) бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеттi /5:13/. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi - шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия - шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон - шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.

«Наполеонның әскерi жетпеген жердi Бальзак қаламмен жаулап алған» дейтін халық арасында тараған сөз бар.  Сөз құдыреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері болған. Соның бірі Демосфен.
Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Бірақ Демосфен өмірі қызыққа толы, яғни, ол бірден шешен бола қойған жоқ. Тілінің мүкісі бар, р-ға тілі келмейтін, сақау Демосфен алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан. Бірақ ішкі рухы мықты жан, морт сынбай, керісінше, «мен қалай да шешен болам, жұртқа сөзімді тыңдатам» деп алдына мақсат қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына күшікті қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал даусын шығару үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта тастарды толтырып, толқыған теңіз шуылымен жарыса сөйлеген. Ал осының бәрінен оны ешкім алаңдатпас үшін ол не істегенін білесің бе? Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін Демосфен тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған. Солайша сыртқа шығудан өзін шектеген. Осындай жанкешті әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған.
Көне Грецияның маңдай алды шешендерiнiң бiрi - Демосфен. (б.д.д. 384-322 жж.) Құл иеленушiлiк дәуiрдiң өкiлi, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдiк әрекеттерiне қарсы дербестiк үшiн болған Афина күресiнiң тұсындағы саясат шешен сөздерi, әсiресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегi және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздерi тарихта қалып, тағылымдық сөздердiң қатарына ендi.
Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң арқасында ”өзiн-өзi қайта туындатты”, әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның ”Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптiң қазақ топырағындағы көрiнiсiн бабаларымыз ”көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады” деп ұлағатты оймен өрнектеген.
Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдiсiн кеңiнен пайдаланған. Осылайша, сөздiң драмалық қасиетiн күшейттi. Ол нақтылы дерек көздерiмен сөйлеген, ойды түсiнiктi, еркiн баяндаған. Сөйлеудiң техникасын еркiн меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздерi сөйлеу мәнерiмен туған. Қарапайым және көтерiңкi пафоспен (екi стильде) келедi. Ол осы екi стильдi де еркiн игерген. ”Демосфеннен 170 қолжазба (60 жалынды сөз, 56 жазба сөз, 6 хат) бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеттi /5:13/.
Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты.
Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi - шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия - шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон - шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.

Бөлісу: