Осы айда Астанада жұмысқа орналастыру мәселелеріне арналған алғашқы «Астаналық еңбек нарығы» қалалық газеті шығарыла бастайды. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева жақында қалалық мәслихатта өткен «Жұмыспен қамту – әлеуметтік қорғау негізі және халықтың өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел мәжілісінде мәлім етті.
«Газет айына бір рет мемлекеттік және орыс тілдерінде 3000 данамен шығарылатын болады. Жаңа басылым беттерінде елорданың еңбек нарығы кеңеюінің өзекті мәселелері, оның келешегі мен дамуы, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау мүмкіндіктері, және басқа да жайлар көрініс табады», – деді Алма Алтыбаева.
Басқарма бастығының түсіндіруінше, «Астаналық еңбек нарығы» газеті Интернетті пайдалану мүмкіндігі жоқтарға (жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар) өте пайдалы болмақ. Осы үнпарақтың көмегімен қала тұрғындары Халықты жұмыспен қамту оралығының және жұмыспен қамту туралы арнайы бағдарламаның бар екендігін біле алады. «Астаналық еңбек нарығы» газеті халық көп жүретін жерлерде тегін таратылатын болады.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz