Астанада өз мамандығының үздігі таңдалады

6 Наурыз 2013, 11:09

Елордада өз мамандығының үздігі қалалықты таңдауға бағытталған «Астана тандауы-2013» жалпықалалық байқауы  басталды. Ол шаһарда бізбен бірге өмір сүріп жатқан нақты кейіпкерлер, саналуан мамандық иелері туралы  кеңінен әңгімелеу мақсатында өткізілуде. Еске салайық, байқау екі жыл қатарынан әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылуда. Өткен жылы  «Астана таңдауы-2012»  қоғамда үлкен қызығушылық туғызды. Байқауды ұйымдастырушылар  60-тан астам өтінім қабылдады. Астана қаласының ресми сайтында байқауға қатысушыларға 30 мыңнан астам адам дауыс беріп, «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы» аталымдары бойынша үздік қалалықты таңдады. Жеңімпаздарға жүлдені Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тапсырды.  Байқаудан кейін әр кейіпкер туралы қысқа метражды фильм түсіріліп, жеңімпаздардың фотолары қала көшелеріндегі билбордтарға ілінді.    Биылғы жылы ұйымдастырушылар  байқауға одан да зор қызығушылық танытылады деген сенімде. Өтінімдер қабылдау 1-мамырдан 30 мамырға дейін жалғасады.  Жеңімпаздар Астана күні қарсаңында қаланың  astana.kz. ресми сайтында дауыс беру жолымен  20 маусымнан 6 шілдеге дейін анықталады. Байқауға қатысуға тілек білдіруші  astana-tandauy-2013@gmail.com.  мекенжайы бойынша өтінімін жібере алады. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Елордада өз мамандығының үздігі қалалықты таңдауға бағытталған «Астана тандауы-2013» жалпықалалық байқауы  басталды. Ол шаһарда бізбен бірге өмір сүріп жатқан нақты кейіпкерлер, саналуан мамандық иелері туралы  кеңінен әңгімелеу мақсатында өткізілуде.

Еске салайық, байқау екі жыл қатарынан әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылуда. Өткен жылы  «Астана таңдауы-2012»  қоғамда үлкен қызығушылық туғызды.

Байқауды ұйымдастырушылар  60-тан астам өтінім қабылдады. Астана қаласының ресми сайтында байқауға қатысушыларға 30 мыңнан астам адам дауыс беріп, «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы» аталымдары бойынша үздік қалалықты таңдады. Жеңімпаздарға жүлдені Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тапсырды.  Байқаудан кейін әр кейіпкер туралы қысқа метражды фильм түсіріліп, жеңімпаздардың фотолары қала көшелеріндегі билбордтарға ілінді.   

Биылғы жылы ұйымдастырушылар  байқауға одан да зор қызығушылық танытылады деген сенімде. Өтінімдер қабылдау 1-мамырдан 30 мамырға дейін жалғасады.  Жеңімпаздар Астана күні қарсаңында қаланың  astana.kz. ресми сайтында дауыс беру жолымен  20 маусымнан 6 шілдеге дейін анықталады. Байқауға қатысуға тілек білдіруші  astana-tandauy-2013@gmail.com.  мекенжайы бойынша өтінімін жібере алады.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: