Әнші көктемгі алғашқы концертін ананың махаббатына арнады. Көпшілікті ол «Мама, жан анам» атты жаңа әндер бағдарламасымен қуантпақшы.
Роза Рымбаева сахнаға бұл жолы ұлы Әли Оқаповпен бірге шығады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға Қазақстан эстрадасының жас «жұлдыздары», «X-factor Kazakhstan» байқауының балауса орындаушылары қатысады.
Астана қаласы Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, әнші жеке орындауындағы әндермен қатар, концертке қатысушылармен бірге де ән шырқайды. Сондай-ақ, рояльдің сүйемелдеуімен де бірнеше ән орындайды.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz