Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры

8 Қараша 2012, 11:32

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры, Ғ.М. Мүсірепов атынд. Қазақтың мемл. академиялық жастар мен балалар театры – Алматы қ-ндағы мәдени-сахналық мекеме. 1944 ж. құрылған Балалар мен жасөспірімдер театрының қазақ труппасы негізінде 1985 ж. бөлініп шыққан. 1992 ж. Ғ.Мүсірепов аты, 1996 ж. академиялық статус берілді. Театр ұжымы қайта құру кезеңіндегі қоғамдағы саяси, мәдени өзгерістерге орай үн қатып, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін қайта парақтаған, маңызды қойылымдарды сахнаға шығарды. Ш.Мұртазаның “Қызыл жебе” (1987), “Сталинге хат” (1988), “Бесеудің хаты” (1989, бәрінің реж. Р. Сейтметов) трилогиясы халқымыздың басына ауыр қайғы үйірілген отызыншы жылдардағы адамдар тағдыры мен зұлмат заман шежіресін баяндады. О.Сүлейменов пен Б.Мұқайдың “Заманақыр” пьесасы (реж. Р.Сейтметов) атом бомбасының ауыр кесапатын бейнеледі. Ә.Таразидің “Індет” (1997, реж. Е.Обаев) трагикомедиясы коммунистік идеологияның адам жанына салған жараларын көрсетті. Спектакль Қазан қ-ндағы (1998) фестивальде жүлделі орын алып, Әзберген Шералиев рөлін ойнаған. Д.Жолжақсынов ҚР-ның Мемл. сыйлығын алды. Театр әлем драматургиясының алтын қорынан У.Шекспирдің “Дуалы түнгі думан” (1986, реж. Е.Оразымбетов), А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішінде” (1987, реж. В.Мартенс), А.Чеховтың “Шағала” (1988, реж. В.Мажурин) шығармаларын қойды. Ғ.Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқты” (1984), “Қыз Жібек” (1999), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (2002), реж. Ж.Хаджиевтың сахналауымен көрсетіліп келеді. Иран-Ғайыптың “Қорқыттың көрі” (2002, реж. Ж.Хаджиев) пьесасында, басты рөлде ойнаған Б.Сейтмамытұлы Қазан қ-нда өткен халықар. фестивальде “Актерлік жетістігі үшін” жүлдесін иеленді. Алматы қ-нда өткен Респуб. жастар мен балалар спектакльдерінің фестивалінде Т.Ахметжанның “Екі жүрек” драмасы (2003, реж. Н.Жақыпбай) “Үміт” жүлдесін алды. Ж.Айтматовтың шығармалары бойынша “Жан азабы” (1997, Н.Жақыпбай), “Ыстықкөл трагедиясы” (2001, реж. С.Асылханұлы), Д.Исабековтың “Ескерткіш операциясы” комедиясы (1998, реж. О.Сәрсенбек) мен “Періште – пері” драмасы (2002, реж. Қ.Қасымов), Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1999, реж. А.Әшімов), Б.Римованың “Көп ішінде жалғыздар” (2000, реж. Б.Атабаев), Б.Әлімжановтың “Құдалық” (2002, реж. Қ.Жақыпбай), М.Ахмановтың “Алдардың айласы” (2001, реж. И.Әбілмәжінов) т.б. спектакльдері театр сахнасына шығарылды. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры, Ғ.М. Мүсірепов атынд. Қазақтың мемл. академиялық жастар мен балалар театры – Алматы қ-ндағы мәдени-сахналық мекеме. 1944 ж. құрылған Балалар мен жасөспірімдер театрының қазақ труппасы негізінде 1985 ж. бөлініп шыққан. 1992 ж. Ғ.Мүсірепов аты, 1996 ж. академиялық статус берілді. Театр ұжымы қайта құру кезеңіндегі қоғамдағы саяси, мәдени өзгерістерге орай үн қатып, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін қайта парақтаған, маңызды қойылымдарды сахнаға шығарды. Ш.Мұртазаның “Қызыл жебе” (1987), “Сталинге хат” (1988), “Бесеудің хаты” (1989, бәрінің реж. Р. Сейтметов) трилогиясы халқымыздың басына ауыр қайғы үйірілген отызыншы жылдардағы адамдар тағдыры мен зұлмат заман шежіресін баяндады. О.Сүлейменов пен Б.Мұқайдың “Заманақыр” пьесасы (реж. Р.Сейтметов) атом бомбасының ауыр кесапатын бейнеледі. Ә.Таразидің “Індет” (1997, реж. Е.Обаев) трагикомедиясы коммунистік идеологияның адам жанына салған жараларын көрсетті. Спектакль Қазан қ-ндағы (1998) фестивальде жүлделі орын алып, Әзберген Шералиев рөлін ойнаған. Д.Жолжақсынов ҚР-ның Мемл. сыйлығын алды.

Театр әлем драматургиясының алтын қорынан У.Шекспирдің “Дуалы түнгі думан” (1986, реж. Е.Оразымбетов), А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішінде” (1987, реж. В.Мартенс), А.Чеховтың “Шағала” (1988, реж. В.Мажурин) шығармаларын қойды. Ғ.Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқты” (1984), “Қыз Жібек” (1999), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (2002), реж. Ж.Хаджиевтың сахналауымен көрсетіліп келеді. Иран-Ғайыптың “Қорқыттың көрі” (2002, реж. Ж.Хаджиев) пьесасында, басты рөлде ойнаған Б.Сейтмамытұлы Қазан қ-нда өткен халықар. фестивальде “Актерлік жетістігі үшін” жүлдесін иеленді. Алматы қ-нда өткен Респуб. жастар мен балалар спектакльдерінің фестивалінде Т.Ахметжанның “Екі жүрек” драмасы (2003, реж. Н.Жақыпбай) “Үміт” жүлдесін алды. Ж.Айтматовтың шығармалары бойынша “Жан азабы” (1997, Н.Жақыпбай), “Ыстықкөл трагедиясы” (2001, реж. С.Асылханұлы), Д.Исабековтың “Ескерткіш операциясы” комедиясы (1998, реж. О.Сәрсенбек) мен “Періште – пері” драмасы (2002, реж. Қ.Қасымов), Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1999, реж. А.Әшімов), Б.Римованың “Көп ішінде жалғыздар” (2000, реж. Б.Атабаев), Б.Әлімжановтың “Құдалық” (2002, реж. Қ.Жақыпбай), М.Ахмановтың “Алдардың айласы” (2001, реж. И.Әбілмәжінов) т.б. спектакльдері театр сахнасына шығарылды.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу: