Астанада әйелдер мерекесіне орай ерекше көрме ашылды

6 Наурыз 2013, 04:43

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі! Мереке қарсаңында Астана қаласында суреттер көрмесі ашылып, үздік дизайнерлердің сән үлгісі көрсетілді. Ұйымдастырушылар «Көктем шуағы» (Дыхание весны) деген атпен өткізген шарада қоғамның назарын бір сәтке нәзік жандыларға аудартып, отбасының ұйытқысы, шаңырақтың берекесі, аяулы ана, тәрбиелі келін болған әйелдерді әдемілікке үндейтін жаңа киім үлгілерін ұсынды. Шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан жастар конгресі. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдесінің иегері Бейбіт Әсемқұл: - Біз өміріміздің мәні болған, сұлулықтың символы әйелдерді шын жүректен мерекесімен құттықтағымыз келеді. Мен өз басым көрмеде әйелдерге тән әсемді пен сыпайылықты көрсететін «ню» стиліндегі жұмысыммен таныстырамын, - дейді.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі! Мереке қарсаңында Астана қаласында суреттер көрмесі ашылып, үздік дизайнерлердің сән үлгісі көрсетілді.
Ұйымдастырушылар «Көктем шуағы» (Дыхание весны) деген атпен өткізген шарада қоғамның назарын бір сәтке нәзік жандыларға аудартып, отбасының ұйытқысы, шаңырақтың берекесі, аяулы ана, тәрбиелі келін болған әйелдерді әдемілікке үндейтін жаңа киім үлгілерін ұсынды. Шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан жастар конгресі.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдесінің иегері Бейбіт Әсемқұл:
- Біз өміріміздің мәні болған, сұлулықтың символы әйелдерді шын жүректен мерекесімен құттықтағымыз келеді. Мен өз басым көрмеде әйелдерге тән әсемді пен сыпайылықты көрсететін «ню» стиліндегі жұмысыммен таныстырамын, - дейді.

Бөлісу: