Венесуэланың вице-президенті Николас Мадуро тікелей эфир арқылы халыққа жасаған үндеуінде Венесуэла Президенті Уго Чавестің қайтыс болғанын жария етті. Елдегі екінші адам шұғыл үкімет кеңесін шақырды, деп хабарлайды РБК.
Н.Мадуро мемлекет басшысын айықпас дертке шалдықтырған Венесуэла елінің жаулары екенін атап өтті. Сонымен қатар, вице-президент бұған АҚШ-ты айыптап, осы елдің екі дипломатын Венесуэладан шығаруға бұйрық берді.
Таяуда БАҚ Уго Чавестің хәл үстінде жатқанын жарыса жазған еді. Саясаткер онкологиялық сырқаттан бөлек тыныс жолдары ауруынан зардап шекті, оған инфекцияның таралуы себеп болған. Венесуэла ақпарат министрі У.Чавестің өлімі туралы хабарланғанға дейін Президенттің жағдайы «өте ауыр» екенін мәлімдеді.
Сонымен бірге, оңтүстікамерикалық мемлекеттің көшбасшысы өмірден қашан озғаны әлі белгісіз күйінде қалып отыр.
Уго Чавестің ауыр қырқат екені 2011 жылдың 30 маусымында белгілі болды. Содан бері саясаткер бірнеше рет Кубада химия терапиядан өткен болатын.
Венесуэла билігі 7 күндік қаралы күн жариялады. Президентті жерлеу рәсімі жұма, 8 наурыз күні өтеді.
BNews.kz